Ресми дерек бойынша, макарон өніміне сұраныс өткен жыл мен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Ал кондитерлік өнімдердің сатылымы, керісінше, азайып кеткен.
«Сонда халық кедейленіп бара ма?» деген сауалға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова: «Жоқ, мен сіздерге басқа мәлімет бере аламын. Негізі, ет өнімдерін де бізде өте жақсы тұтынады», – деп жауап берді. Ал әлеуметтанушылар «макаронға де ген сұраныстың артуы халықтың әлеуметтік жағдайының төмендегенін көрсетеді» деп отыр, деп түйіндеген басылым.