Ауылшаруашылық кооперативтерін құру үшін жасалатын 10 қадам
15.12.2016, 12:36

Ауылшаруашылық кооперативтерін құру үшін жасалатын 10 қадам

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ауылшаруашылық кооперацияларын қолдау үшін биылғы жылы 52 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бойынша 27 млрд. теңге және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы – 25 млрд. теңге. Егер Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2017-жылы 326 кооператив құру жоспарланған болса, енді оның санын 467-ге жеткізу жоспарланып отыр. Өз кезегінде, аталған міндеттердің үдесінен шығу үшін талапты азаматтардың не істеп, не қоятыны бойынша алдын ала ақпараттандыру керек екендігі белгілі. Осы орайда, бұрын-соңды жарық көрген материалдарды саралай келе, silteme.kz ақпараттық порталының тілшісі ауылшаруашылық кооперативтерін құру үшін жасалатын 10 қадамды кезең кезеңге бөліп, түзген еді.

Бірінші кезең

 

1-қадам: тұрғындар арасында ақпараттық-кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

2-қадам: бастаушы топтар мен ұйымдастыру комитеттерін құру.

3-қадам: копперативті құру және оның қызметі туралы бизнес-жоспар (техникалық-экономикалық негізде) жасау.

4-қадам: кооператив Жарғысын дайындау.

Кооператив Жарғысында міндетті түрде келесі мәліметтер болу керек:

- кооперативтің атауы;

- кооперативтің орналасқан жері;;

- кооперативтің қызмет ету мерзімі немесе кооператив қызметінің мерзімсіз сипатын көрсету;

- кооперативтің мәні мен мақсаты. Мұнда кооперативтің кооператив құрудағы мақсатына жету аясында айналыса алатын кез келген қызмет түрін көрсете отырып кооператив қызметінің басты бағыттарының біреуін анықтау жеткілікті;

- кооперативке кіру реті мен шарты, кооператив мүшелігінен шығару себебі мен реті;

- жарналық төлем жасау реті мен оның құрамы, төлем жасау  бойынша міндеттемелерін бұзғаны үшін жауапкершілік;

- қарастырылған жағдайда бөлінбейтін қор құру шарты мен оның мөлшері;

-кооперативтің басқа қорларын құру және пайдалану шарттары;

- кооперативтің кірісі мен шығынан бөлу; -

- кооператив мүшелерінің ҚР «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» зағында белгіленген мөлшерден кем емес мөлшердегі біріккен жауапкершілік шарттары; 

- кооперативті басқару органдарының құрамы және құзіретілігі, олардың шешім қабылдау, соның ішінде бірауызды шешім немесе басым көпшіліктің шешім қабылдауын талап ететін мәселелер бойынша шешім қабылдау тәртібі;  

- кооператив мүшелері мен кооперативтің қауымдастырылған мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;

- коопреатив қызметіне жеке еңбекпен қатысу сипаты, тәртібі және минималды мөлшері, жеке еңбек қатысуы бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік;

- қаржылық жылдың басталу және аяқталу уақыты;;

- жарналық төлем есебіне енгізілген жер телімдерін, жер үлестерін және басқа мүліктерді бағалау тәртібі;

- коопреативтің мемлекеттік тіркеу, тарату және қайта құру туралы мәліметтерін ресми органдарға жариялау тәртібі;

- коопреативті қайта  құру және тарату тәртібі мен шарттары;

- Жарғы бойынша бекітілген кооператив мүшелерінің және кооперативті басқару мүшелерінің аты-жөндері, туған жылдары, айы, күні, тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын растайтын немесе оларды алмастыратын құжаттардың сериясы және нөмірлері.

- Кооператив Жарғысының жасалған жобасын оның мазмұнымен танысу, толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін бастаушы топтың барлық мүшелеріне тарату керек.

5-қадам:  Құрылтай келісімінің жобасын дайындау.

Картинки по запросу кооперация сельского хозяйства

 

Екінші кезең

 

6-қадам: коопреативтің құрылтай жиналысын өткізу.

 

Біріншіден, бұл үшін бастаушы топтың барлық мүшелеріне Жарғы жобасын таратып беріп, олардың ұсыныстарын жинап және түскен ұсыныстарға сәйкес Жарғы жобасына (Құрылтай келісіміне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. 

Екіншіден, жұмыс бағыты – ауылшаруашылық кооперативінің әлеуетті мүшелерінің арасында насихатау жұмыстарын жалғастыру, ауылдық округтердің және ауданның әкімдерімен, салық инспекцияларымен және т.б. байланыс орнату.

Сондай-ақ, жиналысты өткізудің техникалық мәселелерін ойластыру керек: бөлмені ұйымдастыру, хаттама жүргізу және т.с.с.

Кооперативтің жалпы ұйымдастыру (құрылтай) жиналысының күн тәртібінде келесідей негізгі мәселелер қарастырылады;

- ауылшаруашылық кооперативін құру;;

- кооператив жарғысын талқылау және қабылдау;;

- кооператив мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдау;

- кооперативті басқару органдарын сайлау: Төраға, Басқарма, Бақылаушы кеңес. Жарғының жиналыста қабылданғаны туралы мәліметтер жеке куәліктері мен тіркелген мекен-жайлары көрсетіле отырып осы жиналыстың барлық мүшелерінің өолдары қойылған хаттамамен расталады. Хаттама жоғарыда көрсетілген талаптарға сай жасалып, рәсімделеді. Жиналыс мүшелері қолды осылай қоюларына болады. Бірақ егер төраға мен құрылтай жиналысының хатшысы қол қойған болса, Жарғының өзі жеткілікті болады. 

Картинки по запросу кооперация сельского хозяйства

 

Үшінші кезең

 

7-қадам: тіркеуге құжаттарды дайындау және өткізу.

Ауылшаруашылық кооперативтерін тіркеу үшін келесі құжаттарды дайындау керек:

- мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (бекітілген формадағы бланк);

- құрылатын кооперативтің сәйкес заңды мекен-жайға құқығын растайтын кепілдік хат (тұрғын емес үй-жайды жалға беруге құқы бар заңды тұлғаның беруіне болады); 

- мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек;

- кооператив құру туралы, оның жарғысын және кооперативті Басқару құрамын бекіткені туралы жалпы ұйымдастыру жиналысының қатысушы –мүшелерінің аты-жөндері, туған жылы, айы, күні, тұрғылықты мекен-жайы, жеке куәліктерінің мәліметтері, сондай-ақ заңды тұлға-мүшелердің сәйкес мәліметтері көрсетіле отырып,  қолдары қойылған, мүшелердің жалпы ұйымдастыру жиналысының (№1) хаттамасы; 

- коопреатив Жарғысы.

8-қадам: мөр дайындау.

9-қадам: кооперативті тіркегеннен кейін банктен есеп-шотын ашу.

10-қадам: ортақ жұмысқа кірісу.

 

Кәмшат Жақсылыққызы

Пікір  

Жолшыбеков Ерік
+ -1 Жолшыбеков Ерік 07.06.2017 22:51
Телефон номер барма қалай хабарласпай болады сұрақ қойып мәлімет алсақ
Жауап беру

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер