Кеңес барысында «Шығысжоллаборатория» РММ, Шығыс Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің, Өскемен қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Мереке Пішембаев кеңеске қатысушыларды Автомобиль жолдары комитетінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен бірге, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалы мен Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан орындалған жұмыстардың сапасын, сонымен қатар, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалының Әкімшілік полиция аумақтық бөлімдерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттермен бірлескен іс-қимылды күшейтуді бақылау қажеттігін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша, қыс кезінде жолды күтіп ұстау мен су тасқыны болатын кезеңге алдын ала дайындық шараларын пысықтау жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді.