Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттері мен ведомстволары, бизнес қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында жол қозғалысы мәселелері талқыланды және Қазақстанда жол-көлік құралдарымен болатын оқиғаларды төмендету бойынша ұсыныстар шығарылды.
Талқылауға қатысушылар назары жүргізушінің жауаптылығы мен оның даярлық деңгейі, көлік құралының техникалық жағдайы, сондай-ақ жол мен жол маңындағы инфрақұрылым ахуалы сияқты жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторларға аударылды.
БҰҰ ЕЭК ішкі көлік комитеті сарапшысының пікірі бойынша автомобиль жолдары мен жол-көлік инфрақұрылымдарын салу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне қойылатын қазіргі заман талаптарынан кешігуге рұқсат етіледі. Жол мен жол инфрақұрылымын салу кезінде стандарттарды қайта қарауды қажетсінеді.
Автомобильдендіру және жолдардың қарқынды құрылысы жол-көлік оқиғаларының артуына объективті әсер етеді, бірақ еуропа елдерінің мысалы мәселені дұрыс қоя білу және институционалдық ұйымдастыру түрленімдерін өткізу жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерін шешуге көмектесетінін көрсетеді.
Дөңгелек үстел мүдделі тараптардың бүгін айтылған мәселелерді уақтылы шешуге және ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырғанын көрсетті.