Бұл жөнінде ҚР ИДМ-нің Кадр жұмысы департаменті директоры Марат Иғали өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Инвестициялық омбудсменге инвесторлар құқығы мен олардың заңды мүдделерін қорғауға ықпал ету міндеттері жүктеледі.
Естеріңізге салсақ, 2014 жылдың қарашасында ҚР инвестициялық омбудсменнің инвестициялық функциялары айқындалды. Инвестициялық омбудсмен - Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам.
Инвестициялық омбудсменнің негізгі функцияларына Қазақстандағы инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарау және оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды шешу үшін ұсынымдар шығару жатады. Сонымен қатар, инвестициялық омбудсмен туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдемдеседі. Сондай-ақ, ҚР заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау мен Үкіметке енгізумен де айналысады.
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек - 1975 жылы 7 мамырда туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының сәулеттік орта дизайны факультетін (1997) мамандығы бойынша, Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару ісі факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1997-1998 жж – тәлімгер-зерттеуші ҚазБСҚА;
1998 жылы– бас маман «Темірбанк» ААҚ;
1998- 200 жж – ҚР Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет бөлімінің бастығы;
200-2004 жж – ҚР ККМ Су көлігі департаментінің директоры;
2004-2005 жж ҚР ККМ «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры;
2005-2009 жж ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі;
2009-2014 жж - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы;
2014 ж – ҚР Көлік және коммуникация министрі (07. 03 2014- 08.06.2014; 04. 04. 2014 қайта тағайындалды);
2014-2016 жж – ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары;
2016 ж маусымынан – ҚР Инвестициялар және даму министрі.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары: «Құрмет» орденімен;
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж), «Астананың 10 жылдығы» (2008ж) медальдарымен марапатталған.
Отбасы: Жұбайы - Қасымбек Ақжан Әділханқызы, балалары - Ақерке (1997 ж. т.), Жансая (2000 ж. т.), Ләйлім (2003 ж. т.), Мәди (2006 ж.т); Әкесі – Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы, ағасы – Қасымбек Ардақ Махмұдұлы.