Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған инфографикалардан еліміздегі инвестициялық қызметтер мен инвесторлар, қанша инвестиция тартылғаны туралы толығырақ білуге болады.
"Министрлік елімізге кең көлемде инвестиция тарту жұмыстарын үздіксіз жалғастырып келеді. Қысқаша мәлімет инфографикада көрсетілген.
Алдағы уақытта министрліктің басқа да салаларында атқарылып жатқан жұмыстарын қысқа әрі жүйелі түрде көрсету мақсатында осындай инфографикаларды парақшамда жариялап тұруды дәртүрге айналдырмақпын." - дейді министр.
Берілген инфографикада Статистика комитеті таратқан мәліметке сай, негізгі капиталға салынған инвестициялар әр өндіріс секторы бойынша бөліп көрсетілген. Ол 3,7 трлн тг құрайды. Сыртқы инвестициялар негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің үштен бір бөлігін (1,3 трлн тг) құрайды. Ал, ішкі инвестициялар 2,4 трлн теңге. Ұлттық банк мәліметі бойынша, шетелдік инвестиция көлемі 2016 жылдың 1 тоқсанында 2,7 млрд АҚШ долларын құраған. Инфографикадан инвестициялық климатты жақсарту жұмыстарының, инвестиция тартудың пәрменді саясатының қандай бағыттарда жүзеге асырылып жатқаны туралы да айқын берілген. Бұған қоса бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында, оның ішінде экспортты тауарлар өндіру, Қазақстанды әлемдік нарыққа шығару үшін тартылған бірқатар трансұлттық компаниялар тізбегі де көрсетіледі.