Коллекциялық күміс монета бойтұмар (тұмар) салуға болатын үш қырлы қаптама түрінде орындалған.
Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы 31,1±0,31 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі – 40 мм, дайындау сапасы «Antic silver», ең көп таралымы – 6 мың дана, қыры (гурты) бедерсіз және жазусыз.