Қазақстан тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін шығарады
31.03.2017, 11:43

Қазақстан тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін шығарады

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясының Қытай Халық Республикасындағы алғашқы кездесуі ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы төрағасы Чжи Шупинмен болып өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз хатшысы Жасұлан Әбдіхалық.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына кіруі мен шектеулерді алу мәселелерінің бірқатарын талқылады. Атап айтқанда, Қытай тарапы ҚХР-дың жеткізуші компаниялар реестріне енгізу үшін а.ж. сәуірде қой етінің өндірісі жүйесін және ет өңдеуші кәсіпорындарды инспекциялайтынын растады. Екі жақ та Қазақстаннан Қытайға экспортталатын 34 өнімге қатысты ветеринарлық және фитосанитарлық талаптар Хаттамалары жобаларын келісімдеу үдерісін жылдамдататын болды. Сондай-ақ, Қазақстан тарапы ел аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға арналған біріккен лаборатория құру және оны тіркеу бастамасын көтерді.

Айта кетейік, кездесу қорытындысы бойынша көршілес елге экспортталатын бидай кебегі партияларына қойылатын инспекция, карантин және санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылды.

Аталған келісімнің арқасында қазақстандық бизнесмендер тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін экспорттауға қол жеткізді және де бұл үрдісті алғашқылардың бірі болып жүзеге асыру мүмкіндігі «HUOERGUOSI IRBIS INTERNATIONAL TRADING CO LTD» компаниясының үлесіне тиіп отыр.

Өз кезегінде, компанияның бас директоры Марат Дәулетқалиев осындай тиімді шешімдердің астық экспортына серпін беретінін атай отырып, сындарлы келісім үшін кәсіпкерлер атынан Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, екі күндік жұмыс сапарының аясында ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚХР Халықаралық сауда-саттыққа атсалысу комитеті, ҚХР Коммерция министрлігі басшылығымен және де жергілікті бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесулер өтіп, екі елдің алыс-берісі үшін аса маңызды бірқатар мәселелер шешімін табады деп күтілуде.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер