Жылдық үстемақысы 6 пайыз болатын жеңілдетілген несие өз ісін енді бастаймын деп отырған кәсіпкерлерге де беріледі. Несиенің шекті мөлшері биыл 19 млн теңгеден асады. Осындай қолдаудың арқасында былтыр 2 мың 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылған болатын.
Жандар Омаров, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы:
- Жеңілдетілген несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейін. Жылдық пайызы 6 пайызбен берілетін болады. Несенің мөлшері 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін.