Осыдан 5 ғасыр бұрын белгілі емші ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің «Шипагерлік баян» кітабында ит жылын «айтақ» деп атап, бұл жылы туғандарды:
- Өсекші, шімірікпес сазбет, арсылдаған сойқаншыл, көкбет, шарнауыл, шалдауыр, шаңқылдап елге, қаңқылдап үйге маза бермейтін, дос-дұшпанын долылығы ұстаса айырмайтын, аямайтын, долылығы ұстамаса жайдары, әйбат әзіл, әдемі қалжыңы бар, әйткенмен, шымбайына тисе кешіру ойына кіріп шықпай беттен алатын, аузынан ақ айтақ шығып, көк айтақ кіріп ойнақ салатын болғыштығы ерекше көз көргілік. Бірақ қастандығы аз, достандығы көп, сырын білмегендер де, білгендер де оңай-оспақ сүйкене алмайтын, батырып жібергендерден өш алмай қоймағыш, ала алмаса өлгенде ойында кеткіш, қасиетін біліп, ардақтағандарға ақпейіл, соның жолында мүрдем кетуге әзіршілдер аудандамақ,-деп суреттепті
Ит өзінің иесіне адал қызмет ететін хайуан. Ол сонымен бірге өте сақ. Алайда «иттерге» тән бір кемшілік-олар өзгелермен тіл табыса бермейді. Себебі ит жылғылар өзінің ойын жақсы жеткізе алмайды. Сондықтан да олар сырт көзге қырсық, тік мінезді болып көрінеді. Ит жылы туғандар тыныштықты жақсы көреді. Олар өзгелерге көмектесуге әзір тұрады, бірақ сатқындықты, өзін алдап кеткендерді кешірмейді.
Жұлдызшылар ит жылында қол қусырып қарап отырмай, еңбек еткендер үшін қаржылық тұрғыдан табысты болады дейді. Сондай-ақ қарызыңыз болса, Жаңа жылға дейін құтылып және келер жылы қарыз алмауға кеңес береді.