Мәміле шарттарына орай Disney Мердок компаниясына тиесілі басқа активтерге де иелік етеді. Атап айтқанда, Sky спутник арнасының 39% акциясы, 20th Century Fox киностудиясы, National Geographic арнасы және басқа елдердегі осы медиакомпания бақылауындағы медиакомпаниялар да енді Disney-ге тиесілі.
Сонымен қатар «Икс адамдар», «Аватар», «Симпсондар» секілді танымал франшиздердің құқығы да Disney компаниясына өтеді. Fox өз иелігінде тек жаңалық және спорт арналарын ғана қалдырды. Осылардың негізінде жаңа компания құру жоспарлануда.
Мәміле жасалған. Сатып алу рәсімдері 2018 жылғы 30 маусымда аяқталуы тиіс.