Қытай Батыс Қазақстан және де Қазақстанның 9 өңірінен ет тасымалдауға қойған шектеулерін алды деп хабарлайды silteme.kz.
Бұл туралы "Атамекен" ҚР ҰҚП төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев "БҚО АӨК өнімдерін эксорттаудың келешегі" атты дөңгелек стөлде хабарлады. Қытайға өнімдерді экспорттауда туындаған бірқатар мәселелерге тоқтала келе, Н.Алтаев дағдарыс кезінде экономикалық өсім ауыл шаруашылық саласында болуы керектігін айтты.
Сонымен қатар, жиында сөз алған БҚО әкімі Алтай Көлгінов :" Біз өнімдерді 40 пайызға көтеруді жоспарлап отырмыз.Мемлекет фермерлерге керек жағдайларды жасап отыр, енді тек сол мүмкіндіктерді пайдалану керек!"-деді.
Келер бес жылдықта Қытай елімізден 5 триллион доллар көлемінде тауар алмақ. Сондықтан, жақын күндері Қытай ветинспекторлары 10 шақты Қазақстандық кәсіпорындарға келіп, көріп, тексеріп қайтады және де Израилден де ауыл шаруашылық саласына қатысты бірқатар ұсыныстар түсіп жатыр,- дейді Н.Алтаев.