Автокөлік алуға ақшаны қалай табуға болады?
24.08.2016, 12:43

Автокөлік алуға ақшаны қалай табуға болады?

Автокөлік алуға ақшаны қалай табуға болады? kenester.kz

Шетелдік автокөлік қазіргі күні қалталы адам деген ұғыммен бірге айтыланы белгілі. Бірақ кез келген көлік ол біріншіден — шығын, шығын және шығын екені белгілі. Әсіресе ол шетелдік автокөлік болса. Сатып алу, жанармай, жөндеу... Негізінде бұл айқайлап айтатындай дүние емес. Себебі қазіргі кезде орташа жалақы алатын кез келген адам өзіне көлік сатып ала алады.

 1.  Алдымен сізге көлік не үшін керек? Егер сіздің отбасыңызда көп адам болса, аптасына саяжайға барып демалатын болсаңыз, саяхатқа шығу жоспарыңызда болса онда бір бөлек. Бұл жағдайда ең жақсы шешім — жол талғамайтын көлік сатып алу. Ол қазіргі таңда қымбат тұрады, бірақ несиеге алуыңызға болады немесе пайдаланылған көлікті арзанға сатып алуыңызға болады.Қалада үлкен емес автокөлікпен жүруге де болады. Шағын автокөліктерді көптеген фирмалар шығарады және олар қымбат болмайды. Өзіңізге қажетті таңдағаннан кейін сіз оны сатып алу жолында таңдай аласыз.

2. Көбіміз үшін 1,50000 теңгенің өзі өте көп ақша. Сондықтанда көлікті несиеге алу тиімді жол болып табылады. Әрине несие ұғымы үстемелеп төлеумен қатар жүреді. Бірақ жыл бойы ақшаны жинаған тиімді емес. Себебі оның көп бөлігі инфляция есебінен құнын жоғалтады. Тиімді жолы несиеге көлік сатып алып 5-7 жыл шамасында үстеме пайыздарын төлеп көлікті иелену. Осылайша көлікке алынған несиені төлеуді жеңілдету үшін жұмыс орнында жалақыңызды көтеру керек немесе шығындар есебін азайтуыңыз керек.

3. Несиеге көлік сатып алу — өте оңай жұмыс. Авто салонға келіп, көлігіңізді таңдап, қосымша мүмкіндіктерін қосып алуыңыз керек. Авто салонның несиелік бөлімінің қызметкерлері сізге ыңғайлы несие алу жолын тауып береді және алғашқы төлем, кепілдеме мен ай сайынғы төлем сомасын есептеп береді. Осыдан кейін сіз барлық құжаттарды жинақтап (жеке куәлік, жұмыс орнынан мәліметтер, зейнетақы қорынан ақпараттар), банктің шешімін күтуіңіз керек. Банк сізге келісім берсе, өзіңізге ыңғайлы несие алу жолын таңдай аласыз. Алғашқы төлемді жасағаннан кейін автокөлікті алып кетуіңізге болады.

4. Кейбіреулер пайдаланылған автокөлікті сатып алуды жөн көреді.Бұл жерде тәуекел жасайтын жеріңіз бар — сатушы сізге жөндеуді көп қажет ететін бұзық автокөлікті сатуы әбден мүмкін. Алайда егер сіз автокөлікке және оның иесіне толықтай сенсеңіз автокөлік сатып алудың бұл да бір ыңғайлы жолы. Пайдаланылған автокөлік — әрдайым арзан автокөлік бола бермейді. Бірақта миллион жинағаннан, жарты миллион жинап пайдаланылған көлік сатып алған әлдеқайда тиімді емес пе?! 

5. Сәйкесінше, мақсатыңыз айқын болса (мысалы, Toyota Land Cruiser 200 сатып алу), оған қажетті сома да айқын болса, көлікке қаражат табу да алғашқы қарағанда жеңіл болады. Жалпы айқындалған мақсат үшін қаражат жинау, белгісіз дүниеге қаражат жинағанға қарағанда өте жеңіл болып келеді. Себебі айқындалған мақсат (мысалы, Toyota Land Cruiser 200 сатып алу) — сіздің алға қарай ұмтылдыратын күш. Алдымен көлікті 2 жыл ішінде сатып алу үшін ай сайын қанша теңгеден жинап отыру керектігін есептеп алыңыз. Ай сайынғы сома аз болмайтыны белгілі. Ай сайын мұндай соманы жинап отыру үшін келесідей тәсілдерді қарастырдық: 

1. Шығыс күнделігін дайындау, талдау жүргізу, қажет емес дүниелерге шығынданбау (мысалы, кафеде тамақтанбай, үйден тамақтануға болады. Автокөлік мұндай үнемдеуге лайықты.)

2. Қосымша жұмыс көздерін іздеу. Көбіміз 5 күн ішінде сағат таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс жасаймыз. Қалған уақытыңызды көлік алу мақсатында жұмсауыңызға болады. Мысалы, жұмысыңыздан қосымша жобалар алып, қосымша жалақы үшін дайындауыңызға болады. Немесе аударма жасаумен, бағдарлама дайындаумен т.б. ақша табу жолдарымен айналысуыңызға болады.

3. Жұмыс орнынан лауазымыңызды көтеруді сұрауыңызға болады.

Әрине, ең жақсысы жоғарыда айтылған барлық тәсілдерді қолдансаңыз нәтижелі болады. Көлікті бір күн ішінде сатып алмасаңызда, еңбектенгеніңіздің арқасында көлік алуға жақсы қаражат жинай аласыз деп үміттенеміз.

P.S. Пайдалы кеңес: автокөлікке  ақша жинаудың ең жақсы тәсілі ай сайын еңбекақыңыздың 30% көлік үшін жинап отыру. Осылай сіз көлікке керек соманы тезірек жинайсыз.

 

© kenester.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер