Показать содержимое по тегу: Сөмке
Сөмке — әрбір нәзік жандының айнасы. «Әйелдің аяқ киімі мен сөмкесі қымбат болу керек» деген қатаң қағиданың сан ғасырлар бойы сақталып келуінің себебі де сондықтан.
Бірінші алманы таңдадыңыз ба? Демек, сіз өте әділ жансыз. Сөзі мен ісі сәйкес келмейтін әрекет сізге мүлде жат. Бар ойыңызды ақтарып, жайып саласыз, ешнәрсені іште бүгіп қалмайсыз. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде болғанымен, сіздің ішіңіз қандай болса, сыртыңыз да дәл сондай болып көзге ұрып тұрады. Аузыңызды ашсаңыз, жүрегіңіз көрінеді. Өзімен өзі болу – сіз үшін нағыз адами қасиет.
В
Сіз ашық, ойнақы адамсыз әрі қуатыңыз мол. Егер өмірде тұзды мен тәтті қатар келетін болса, сіздің өміріңізде тұздалған тұсы көп. Шиеленіске толы тосын оқиғаларды ұнатып қана қоймай, қажет етесіз де. Қарап отыра алмайсыз, үнемі қозғалыста, әрекетте боласыз.
Қайтпас қайсар әрі әсіре заманауи жансыз. Барлық жаңалық пен жаңа нәрсе асқан қызығушылығыңызды оятып, назарыңыздан тыс қалмайды. Сіз үшін барлық тәтті-дәмді себілген карамельдегі алмаға жетері жоқ.
С
Сіз таңғажайып тұлғасыз. Өзіңізді әлемдегі ең қызықты адамдар санатына жатқызбағаныңызбен, өзгелер сізден қызығарлық өзгеше қасиет тауып алады. Өмірге деген құлшынысыңыз айналаңыздағы адамдарға жігер беріп, шабыттандырады. Келесі қадамыңызда, болашақта не істейтініңізді болжау мүмкін емес.
Ешкімді таңдандыруға талпынбасаңыз да, басқалар сізге қарап таңдай қағудан талмайды. Атақ-абыройыңыз артық болған соң, барлығы кеңесіңізге құлақ түреді. Түрі тәбет ашып, дәмі тіл үйіретін, үйде пісірілген алма бәлішін бәрінен артық көресіз.
D
Сіз өте сенімдісіз. Тұрмыстың кез келген сынағына байыппен қарап, пайымды пікір қалыптастырасыз. Өн бойыңыз сабырлылық пен ұяңдыққа тұнып тұр.
Сөйлегенге қарағанда, тыңдағанды артық санайсыз, осы тепе-теңдікті бұзбайсыз. Сізге сенім білдіргендер, жетелеген жағыңызға ере береді. Сізбен бірге суға да, отқа да түсуден тайынбайды. Бастысы сіз оны батырмай да, күйдірмей аман алып шығатыныңызды жақсы біледі. Сізге рахат сыйлайтыны – бір шыны ыстық алма шарабы (сидр). Қолдан жасалған болса, тіптен жақсы.
E
Сіз өмірге дән ризасыз. Тосын оқиға іздеудің қажеті жоқ, әдеттегі, бірсарынды өткен күннің өзі сізге шаттық сыйлайды. Әр күннің иісін, түрін, дыбысын, дәмін ғажайыптай сезінесіз. Үйреншікті дағдының өзін ерекшелендіруден рахат табасыз.
Өмірдің әр сәтінен мағына тауып, әр минутты алтындай қадірлейсіз. Табада қызып тұрған алма құймағын тым жақсы көресіз.
F
Сіз асқан ақылды жансыз. Миыңыз тоқтаусыз жұмыс істейтін зерек кісі сіздей болады. Барлығын іс барысында ойша елестетіп, тез шешім шығара білесіз. Аса тіл табысқыш болмасаңыз да, қажет жерінде кез келген адаммен оңай араласып, өмірсүйгіштік қасиетпен таныласыз.
Өзгелер сізді көпшілік ортаның адамы санатына қосады, ал сіз, сәйкесінше, олардың ішін пыстырмай, көңілін көтеруге қабілеттісіз. Қызқы мінезділік те, зияткерлік те бір бойыңызға үйлескен. Уылжып піскен фермерлік алма жаныңызға рахат сыйлайды. Қарапайым әрі дәмді.