Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмысында "Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралуда. Бұл заң жобасын 2016 жылы Жер реформасы жөніндегі комиссия әзірледі, деп хабарлайды Today.kz ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.