Показать содержимое по тегу: қазақ күресі
Қазақстанда мәдениеттанушы көп. Алайда бір өзі бір институттың жұмысын атқарып, ең актуальды да тың салаларды қопара зерттеп, жоғалған дүниелерді мемлекеттен де, демеушілерден де еш қолдау көрмей өз өлермендігімен қазаққа қайта оралтып жүргендері аз. Бүгін біз «Ұлы даланың күш мәдениеті» ұғымын айналымға қосып, тыңнан түрен салған мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаровпен болған интервьюді назарларыңызға ұсынамыз.
Әзелден қазақ пен қырғыздың Алатауды тең жайлағаны мәлім. Бүгін де қанаттасып, бір-біріне тілеулес те демеу болып отыр. Екі ұлттың үркіншілік кезеңдердегі өзара көмек тарихы қандай-ды! Әсіресе, қырғыздың қазаққа жанкүйерлігіне Қаралы қаңтар оқиғасында кеңінен куә болдық. Бірақ қазақтың жүрегінде қырғызға қатысты қашаннан жазылмай, бітпей, қанталап келе жатқан бір жарасы бар. Ол жараның әңгімесін қырғыз тақырыбы көтерілген жерде айтып өтуді әр қазақ өзіне міндет санап алғандай, ыңғайсызданатын тұс көп-ақ.
ҚР Тәуелсіздік мерекесі күні, яғни 16 желтоқсанда «Алматы Аренада» қазақ күресінен «Еуразия Барысы» әлем кубогы өтеді, - деп хабарлайды ҚР Қазақ күресі федерациясының баспасөз хатшысы.
Қазақстандағы еркін және грек-рим күресінің кеңестік кезеңдегі тарихы
Қазақстан жері - даңқы қазақ даласын жер жарған хас батырларды дүниеге әкелген киелі мекен. Халық аңыздары мен ертегілерінен бала күнімізден түрлі тартыста бел сыбанып күштерін сынаған жас палуандардың жекпе-жектері туралы оқып келеміз. Ешқандай қарусыз палуандар бір-бірінің жауырынын жерге тигізу үшін арпалысқан. Қазақтың бірде-бір сауық кеші палуандар күресінсіз және ойнап жүріп мүмкін емес алып заттарды көтеретін баһадүрлердің өнерінсіз елестету мүмкін болмаған.