Қыруар қаржы әйгілі монументті бастан аяқ жөндеуге жұмсалмақ, деп хабарлайды baq.kz.
Показать содержимое по тегу: Бәйтерек
Бәйтерек – әлемдік ағаш. Әлемдік нұсқалардың бірі, әлем үлгісі. Барлық аңыздық дәстүрлерде, соның ішінде қазақы мифологияда кездеседі. Бәйтерек (нақты түпкі терек, Ана-терек) әлемдік ағаш ретінде барлық үш деңгейін – аспанның тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін жоғарғыны, ортаны, әлемнің тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін төменді байланыстырады. Оның жекелеген бөліктері өзімен дербес әлемдердің бөліктерін танытады: тамыры – жерасты әлемі, ұшар басы – орталық әлем, бұтақтары мен жапырақтары – жоғарғы әлем. Ал терек сөзінің этимологиясы (нұсқалары: дарақ, дарау, дара, тарақ), шамасы, *Tir түбірінен – өмір дегенді білдірсе керек.