Ел бюджетін құтқару үшін болашаққа қор жинақтау мақсатында құрылған Ұлттық қор қаржысы ашықтан ашық күнделікті қажеттілікке жұмсалуда.
Ал сол Ұлттық қордағы қаржы Қазақстанға неше жылға жетеді?
Белгілі экономист Петр Своикпен сұхбат.
—Еліміздің 2017 жылғы бюджеті туралы, дағдарыстық қаражат қоры жөнінде сөз қозғайтын болсақ, бұл дағдарыстың кезеңдік емес, тіпті, бюджеттік немесе экономика саласын ғана емес, бүкіл саяси-экономикалық және идеологиялық модельді қамтитын жүйелік дағдарыс екенін ескергеніміз жөн. Атап айтарлығы, біздің меншікті жүйелі дағдарысымыз түрлі деңгейдегі бірінен бірі туындайтын шешімін таппаған мәселелер жиынтығы.
— Айтылуы қиын дүние екен. Оны қалай түсінеміз?
— Айтайын. Бұл жерде деңгей екеу: ол еуразиялық экономикалық одақтың жүйелі дағдарысы, шын мәнінде, оның экономикалық емес, саяси астары бар. Бірақ осындай астары бола тұра, ол нақтыланбағандықтан, қазір ЕАЭО екіұшты жағдайда қалып отыр.
— Яғни, біздің барлық қиындықтарымыз ЕАЭО-да болғанымыздың салдарынан туындап отыр ма?
— Ары қарай түсіндірейін. Осы ауысып отырған еуразиялық дағдарыс әлемдік жүйелік дағдарыстың бір бөлігі, ал оның мәні — бір полярлық жаһандануды блоктық құрылымға қайта форматтауда жатыр. Міне, соның барысында біздің кеңістіктерде барлық мәселелерді анықтап, Еуразиялық одақпен және Қытаймен, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі Еуродақпен және АҚШ-пен әрекеттесудегі жауапкершілік салаларын өзара бөліп алған жөн.
Тиісінше, әлемдегі орнаған жаңа тәртіп жағдайында Қазақстанның алатын орнын және болу шарттарын анықтағаннан кейін ғана біздегі, оның ішінде, бюджеттік дағдарысты қоса алғанда, дағдарыстың аяқталғаны туралы айтуға болады.
Әзірше, қазақстандық экономиканың, бюджетті қоса алғанда, жаһандық дағдарыс тізбегіндегі оқиғаларға өтпелі бейімделуі туралы ғана айтуға болады.
Нені қысқартамыз, қай жерден үнемдейміз?
— Бюджетің қай бағыттары қысқаруға ұшырауы мүмкін? Нені үнемдейміз?
— 2017 жылғы және биылғы бюджеттердің екі маңызды бағыттарына назар аударайық:
Біріншіден, Ұлттық қордың қаржысын жұмсаудың рөлі күрт артып отыр: егер биылғы жылғы бюджеттегі оның үлесі кіріс бөлігінің 30 пайызын құраса, 2017 жылғы бюджет жобасында ол 42 пайызға тең
Тағы бір маңызды дүние: бюджеттік жобалаулар бойынша, Ұлттық қорға түсетін 3,3 триллион теңгенің орнына тек оның үштен бір бөлігі, яғни 1,2 триллион теңге түскен. Яғни, Ұлттық қор қаржы жинақтауды қойып, оны жұмсауға көшкен,
міне, осы біздің биліктің басын қатырып отыр.
— Билікті ғана емес. Ұлттық қордағы қаржының азаюы көптеген қазақстандықтардың көңілін күпті етіп отыр.
— Дегенмен, шындап келсек, қатты абыржудың реті жоқ: осылай жұмсалатын болса, Ұлттық қордағы қаржы ондаған жылдарға жетеді, ал оған дейін қазіргі жаһандық дағдарысты аяқталып қалар.
Қазақстан Қытайдың экономикалық мүдделері аясына тартылады
— Қалай ойлайсыз, мемлекеттік қарыз ұлғая ма?
— Егер биылғы бюджетте үкіметтің өзі қарыздары және пайыздар бойынша төлемдерге 390 млрд теңге қарастырылса, бұл білім саласына жұмсалатын қаржыға тең, ал келесі жылға 365 милрд теңге қарастырылған, әрине, бұл да өте көп. Салыстырмалы түрде алсақ: сол бюджетте бүкіл білім саласына 429 млрд теңге қарастырылған. Биылғы жылғы бюджетте білім салысына 454 млрд теңге бөлініпті. Мүмкін, сол ақшадан қарызға кіре біреудің жақсы емес екендігін үкіметке түсіндіру үшін арнайы курстарды қаржыландыру қажет шығар?
— Үкімет мемлекеттік қарызды қандай деңгейге дейін көтеруі мүмкін?
— Бұл екі фактор да — Ұлттық қордан жұмсалатын қаржының күрт өсуі мен мемлекеттің сырттан қарыз алуы — қазіргі кезде бастан өткізіп отырған дағдарыстың тікелей көрсеткіштері. Ал үкіметтің оны қандай деңгейге дейін көтеруге үлгеруі мүмкін деген сұрақ — ашық мәселе. Егер қаржыны қазіргі қарқынмен жұмсайтын болсақ, жақын арада білім саласына жұмсалатын қаржыны ған емес, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының жартысын да жеп қоямыз.
— Иә, жағдай мәз емес екен…
— Осындай түйінделген мәселелерді шешуде бір нәрсе ғана анық: Ресей мен Батыс текетіресінде келесі бір кезеңдік оқиғаға дейін Қазақстан бір сарынмен Қытайдың экономикалық мүдделерінің аясына тартыла беретін болады.
Ал мұндай қадамның экономикалық емес салдарлары болуы ғажап емес. Осы орайда, әлемдегі жағдайдың өрбуіне келесі оқиғалардың әсер етуі мүмкін — АҚШ президентін сайлау, Ресейдегі президенттік сайлау кампаниясының басталуы. Атпақшы, өткен Дума сайлауы да жаңа маңызды өзгерістер әкелуі мүмкін.
дерек көзі: 365info.kz