Показать содержимое по тегу: қазақ ұлттық тағамдары
Америкалық аспаз Қазақстаннан еліне оралған соң мейрамханадағы мәзірін қайта жаңартып шықты. Ол Нью-Йорк тұрғындарына қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып жүр, деп хабарлайды 31.kz-ке сілтей отырып, stan.kz.
«Мен бүгін қой етін асамын. Ол үшін алдымен тоқты етінің стейкі мен жарты жамбасы керек. Етті сүйектен сылып алып, тоңазытқышқа 5 сағаттай салып қоямыз. 40 елді аралап жүріп, әр түрлі асханаларға кіріп көрдім. Қазақтың тағамы ерекше ұнады. Шымкентте, Астана мен Алматыда шұбат ішіп көрдім. АҚШ-қа келген соң шұбат жасадым», – дейді аспаз Флориан Пинель.
Ол көрермендерге қазақтың ет тағамын қалай жайтынын көрсетті.
Ет тоңазытқышта тұрғанша құрт жасайық. Алдымен ыдысқа қаймақ пен айранның йогуртты қоспасын құямыз. Оны пешке 150 градус температурада 1,5 сағаттай қоямыз. Кейін блендермен араластырамыз. Америкада құрт сатылмайды. Сондықтан өзіміз жасауға тура келеді. Менің құрттарым аздап тәттірек болып шығады.
“Қазір еттің қамырын дайындаймыз. Алдымен қамырды екіге бөліп жаямыз. Етті тұздап, қара бұрыш сеуіп, екі жағын қуырып аламыз. Етті 40 минуттай пісіреміз. Ет қуырылған соң суда тез піседі. Кейін картоп салып, 10 минут тағы күтеміз. Осылай қазақ-америкалық тағамы дайын болады. Шай орнына құрт пен сорпа береміз”, – дейді аспаз.