Показать содержимое по тегу: Балабақша
Балалық шақ – адамның болашағының негізі қаланатын ерекше кезең. Бұл уақытта бала қоршаған ортаны танып, алғашқы әлеуметтік дағдыларды меңгеріп, танымдық қабілеттерін дамытады. Осы тұрғыдан алғанда, мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің маңызы зор. Солардың ішінде ұлттық ойындардың орны ерекше. Себебі, ұлттық ойындар – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, тәрбиелік мәні зор рухани қазына.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы № 26 «Қарлығаш» бөбекжайының тәрбиеленушілері өздерінің көшеттерін отырғызды. Бұл шара Астана қаласының 20 жылдығы және Ақтау қаласының 55 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған ата-аналар мен тәрбиешілерде белсенді қатысты.
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 360 орындық балабақша пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған «Лидер» балабақшасында бүгінде 55 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи үлгіде салынған ғимаратқа 380 млн. теңге қаржы жұмсалған, деп хабарлайды silteme.kz.