Алматы қаласы М.Дулатов атындағы 136 мектеп-гимназиясының оқушыларының бір шоғыры ағылшын тілі курсын тәмамдады. Оқыту маусым айында басталған еді. Аталған топқа UNITED CITIZENS FUND Қоғамдық қорының ағылшын тілі маманы Ардақ Серік сабақ берді.
"Біз көпбалалы отбасылар балаларын оқытуды әлеуметтік көмек ретінде жүргізіп отырмыз. Қандай да бір көздерден ешқандай да қаражат тартылмады. Қордың өзіндік бастамасы арқылы жүзеге асуда. Балалар заманынан қалмауға тиіс", - деп атап өтті ол.
Шарадан фотолар:
Айта кетейік, қазіргі таңда Қор негізінен ағартушылық-тәлімдік бағыттарда жұмыс жүргізуде. Ол жұмыстың басым бөлігі "Empire Education" білім беру орталығы арқылы жүзеге асырылуда.