Серікбол Сайлаубек жаңа бейнебаянына «толық қыздар» іздейді
05.05.2018, 14:31

Серікбол Сайлаубек жаңа бейнебаянына «толық қыздар» іздейді

Белгілі әнші Серікбол Сайлаубек «Оппа-оппа» әнінің бейнебаянына артық салмақты қыздарды шақырады. Мұнысымен әнші толық қыздардың да әдемілігін көрсеткісі келеді екен. Арнайы қойылған талап бар, ол – экран алдында ұялмайтын, жақсы билей алатын 30 жастан аспаған толық қыз болуы керек.

«Әзірге екі қыз Қытай елінен табылып отыр. Бір қызығы, бейнебаянға қатысуға орыс қыздары ниет білдіруде. Бірақ бізге азиат нәсілдегі толық қыздар керек», - дейді әншінің пиар-менеджері.

Оның айтуынша, толық қыздарды көбіне дене пішініне байланысты эфирден алып тастайды. Сондықтан бейнебаянға түсіру арқылы бұл қалыптасқан стереотипті бұзғысы келеді екен.

Дереккөз: https://sn.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер