Аталмыш байқауға Елдос өзінің «Асар» сауықтыру орталығына келетін мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді хостел тұрғызу мақсатында қатысқан.
«Қазіргі уақытта «Асарға» келушілер үшін қаладағы кез келген жерде тұру ыңғайлы емес. Себебі, пәтер немесе қонақ үйді жалға алу қымбат және де барлық жерде лифттер мен пандустар жоқ. Сондықтан қоларбамен жүретін жандар үшін барлық жағдайды жасау біздің мақсат. Енді жобаға келер болсақ, гранттар бойынша сметалық құжаттама дайындалу үстінде, биылғы жылы біз қорды толтырып, құрылысты бастаймыз», - деді Елдос Баялышбаев.
Гранттың екінші иегері болып Қарабасов Нұрболат 10 мың доллар ұтып алды. Оның қоларбаға арналған қосымша құрылғыны пайдалану жөніндегі жобасы үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі күні электромобильдерді сатып алуға көптеген өтініштер бар.