Қыс мезгілінде су айдындарында өз-өзін ұстаудың 9 ережесі
25.01.2018, 09:19

Қыс мезгілінде су айдындарында өз-өзін ұстаудың 9 ережесі

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД сайтында жарияланған, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Қатқақ басталғаннан су айдындарында алғашқы мұз пайда болады. Пайда болған алғашқы мұз балалар, жасөспірімдер мен кейбір ересек адамдарды мұздың беріктігін тексеруге қызықтырады. Бірақ жұқа мұз өте қауіпті.

«Мұздық» оқыс оқиғалар қайталанбас үшін су айдындары мен олардың маңында қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн:

1. Алғашқы мұз жамылғысы пайда болған кезде коньки, шаңғы тебу мен мұзбен өтуге тыйым салынады. Жұқа мұз берік емес және ол адам салмағын ұстай алмайды.

2.  Мұз үстімен жабдықталған өткелдер арқылы өту керек, егер олар жоқ болса, мұз үстімен өту алдында оның беріктігіне көз жеткізу керек. Мұздың беріктігін сүйменмен тексеру ұсынылады. Егер бірінші соққыдан кейін мұз тесіліп, оның үстінде су пайда болса, дереу тоқтап, кері қарай іздермен қайту керек. Қайтар жолдағы бірінші қадамдарды табанды мұздан үзбей жасау керек. Мұздың беріктігін аяқпен ұру арқылы тексеруге қатаң тыйым салынады.

3. Барлық жағдайларда, жағадан мұзға шығу кезінде жан-жаққа мұқият қарап, қозғалыс бағдарын белгілеп, қауіпсіз орындарды таңдау керек. Ең жақсысы  тапталған сүрлеу жолмен жүру керек. Мұзға жылымық кезінде шығу қауіпті. Мұзға бейтаныс жерлерден, әсіресе жарлардан түсу қауіпті.

4.  Мұз үстімен жүру кезінде абай болу керек, мұз үстін байқап, қауіпті және күдік туғызатын орындардан алшақ жүру керек. Қардың қалын жабынымен жабылған алаңдардан сақтану керек – қар астында мұз ашық жердегі мұздан әрайым жұқа болып келеді. Жылдам ағын бар жерлерде, сыртқа талдар, ағаш пен шөптер маңында, су көзіне бұлақтардың құйылу, қайнарлардың шығуы мен өнеркәсіп жылы ағын суларының құйылуы, мұзды өңдеу орындары және т.б. жерлерде аса абай болу керек. Мөлдір, жасыл реңкі бар, қалыңдығы 7 см кем емес мұз арқылы өту бәрінен қауіпсіз.

5.  Мұз үстін кешу кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта алшақ жүріп, алдында келе жатқанға мұқият қарау керек. Көлемі жағынан үлкен емес, бірақ ауыр жүктерді тасымалдау кезінде оларды тірек алаңы үлкен шана немесе шарыққа салу қажет.

6. Конькиді тек қана арнайы жабдықталған сырғанақта тебуге рұқсат етіледі. Егер сырғанақ су айдынында жасалса, онда сырғанау тек қана мұздың бекріктігін мұқият тексеруден кейін ғана (мұздың қалыңдығы 10-12 см кем емес бодуы қажет). Жаппай сырғанау мұздың қалыңдығы 25 см кем емес жағдайда рұқсат етіледі. Түнгі уақытта, әсіресе бейтаныс жерлерде мұзбен жүру және сырғанау қауіпті.

7.  Су айдының шаңғымен кешу кезінде салынған шаңғы жолымен жүру ұсынылады. Тың қар арқылы жүру керек болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін  шаңғының бекіткіштерін ағытып қойған абзал, қажет болған кезде шаңғыдан тез арада босауға болады. Таяқтарды қолда ұстап, ілгектерін қолдан шешіп тастау керек, иыққапты бір иықта ұстау керек. Шаңғышылар арасындағы арақашықтық 5-6 м болуы керек. Мұздың үстімен жылжу кезінде бірінші келе жатқан шаңғышы мұзды таяқпен ұрып оның беріктігін белгілейді, мұздың жағдайын бақылайды және т.с.с.

8. Балық аулау кезінде үлкен емес аумақта көп шұңқырлар қазып, мұз үстінде жүгіруге, секіруге, үлкен топтармен жиналуға ұсынылмайды. Әрбір балықшыға өзімен бірге бір жағында салмағы 400-500 г жүк бекітілген, екенші жағында ілмегі бар ұзындығы 12-15 м жіпалып жүру қажет.

9.  Аяқ астындағы мұздың опырылуы кезінде тез әрі батыл іс-әрекет ету керек – қолды екі жаққа кең жайып мұз үстінде қалуға тырысып, күрт іс-қимыл жасамай қатты мұзға жорғалап шығып, одан кейін арқада немесе кеудеде жатып келген орынға қарай жылжып, көмек сұрайыңыз қажет.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер