Көктайғақ деп дымқыл қар, суық күндері жаңбыр мен тұман тамшылары қатқан кезде жер беті мен заттардың бетінде пайда болатын қатты мұз қабатын айтады. Әдетте көктайғақ ауа температурасы 0-ден минус 3 граудсқа дейін кезде байқалады. Қатқан мұз қабаты бірнеше сантиметрге дейін боуы мүмкін.
Көктайғақ кезінде ең бастысы – асықпау керек. Аяқтарыңызды тізе тұсында аздап бос ұстап, ақырын жүруге тырысыңыз. Қолдарыңыз әртүрлі сумкалардан бос болуы шарт.
Көктайғақта жолдың жүру бөлігінде аса сақ болған абзал.
Егде адамдарға бірнеше кеңес:
Үйден шығар алдында ұшы резеңке немесе арнайы үшкір таяқ ұстап шығу керек.
Сөмкені иыққа ілу керек.
Статистикаға қарағанда жасы 60-тан асқан адамдар көбінесе құлаған кезде жарақатты көп алады.
Дұрыс құлай білу ережелері:
Егер де тайғанап кетсеңіз жартылай отыру керек, осылайша құлау биіктігін төмендетесіз. Ол кезде бұлшық еттерді қатайтып ұстап, денеңіз жерге тиген кезде аунап кету керек. Сөйтіп сізге бағытталған соққы созылыңқырап, оның қуаты аунауға жұмсалады.