КҮРТІК ҚАР - бұл желдің жылдамдығы 15 м/с-тан жоғары қардың жаууы 12 сағаттан көп болған жағдайда қардың көп мөлшерде жауғаннан пайда болатын гидрометеорологиялық апат.
ҚАРЛЫ БОРАН - жер бетіндегі ауа қабатымен қардың жел арқылы ұшуы. Қарлы боран жалпы және төменгі қыраумен бөледі. Төменгі қыраумен қарлы боранда алдын жауған қардың үлестіру жүреді, жалпы қарлы боранда алдын жауған қардың үлестіруі мен қардың жаууы болады.
Қарлы боранмен күртік қардың қаупі халық үшін жолдарға қар басып қалу мен елді мекендерді және жеке ғимараттарды басып қалумен шектеледі. Басқан қардың биіктігі 1метрден, ал таулы аудандарда 5-6 метрден асуы мүмкін. Жолдарда көрудің төмендеуі 20-50 метрге төмендеуі мүмкін, сондай ақ электр байланыс желілернің үзіліп, жеңіл ғимараттармен шатырлардың құлауына әкеп соғуы мүмкін.
КҮРТІК ҚАР МЕН ҚАРЛЫ БОРАНҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК
Егер сіз қарлы боран жайлы ескерту алсаңыз, есіктермен терезерді, шатыр құдықтарын, вентиляциялық тесіктерді бекітіңіз. Терезелердің шыныларын қағаз ленталармен жапсырыңыз, терезе қақпағымен немесе қалқанмен. Екі тәулікке жетерлік су мен тамақ қорын, дәрі-дәрмек, өздігінен жанатын құралдар (шамдар, керосинді шамдар,балауыздар) жылжымалы плита, батарейкасымен радиоқабылдағыш дайындаңыз. Балкондар мен терезе алды тақтайынан ауа ағынымен ұсталатын заттарды алып тастаңыз.
Керекті ақпаратты жіберіп алмас үшін-радиоқабылдағышпен телевизорды қосыңыз. Болуы мүмкін электр энергиясының сөнуіне дайын болыңыз. Жеңіл ғимарттардан төзімді ғимараттарға көшіңіз. Қар тазалағыш құралдарды дайындаңыз.
ҚАТТЫ ҚАРЛЫ БОРАН КЕЗДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
Қажет жағдайда ғана ғимараттан шығуға рұқсат етіледі. Жалғыз шығуға болмайды. Көршілер мен отбасы мүшелеріне қайда баратыныңызды қашан келетініңізді айтыңыздар. Автокөлікпен тек үлкен жолдар мен тас жолдарда жүруге рұқсат етіледі. Автокөліктен шыққан жағдайда оның көрінетін жерден ұзамаңыз. Тоқтаған жағдайда, үзік дыбыстармен дабыл беріңіз, капотты көтеріңіз немесе антенге жарық мата іліңіз, көмекті автокөлікте күтіңіз. Йісті газбен уланбас үшін терезені кішкене ашып қозғалтқышты қосулы күйде қалдыруға болады. Егерде сіз елді-мекеннен тыс жерде бағдар жоғалтсаңыз, бірінші кездескен үйге кіріңіз, сіздің орналасқан жеріңізді анықтаңыз, мүмкіншілінше қарлы бораннның тоқтағанын күтіңіз. Егерде әлсіресеңіз өзіңізге пана іздеңіз және сонда қалыңыз. Бейтаныс адамдарға жақындаудан сақ және абай болыңыз, себебі табиғи апат кезінде, үйлерді, автокөліктерді, қызметтік имараттарды тонау бірден өседі.
ҚАТТЫ ҚАРЛЫ БОРАННАН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
Егерде қарлы боран жағдайда Сіз имаратта қамалып қалсаңыз, қарлы бораннан өздігінен шығу мүмкіншілігін (бар құралдар мен қол астындағы құралдарды пайдалана )абайлап үрей туғызбай анықтаңыз. Төтенше жағдайлар басқармасына немесе бөліміне, елді мекен әкімшілігіне қарлы боранның мінездемесін өздігінен талдауы жайлы хабарлаңыз. Егерде қарлы боранды өздігіңізден ашу мүмкін болмаған жағдайда,құтқару бөлімшелерімен байланыс орнатуға тырысыңыз.
Жедел хабарламаларды тыңдау үшін телевизормен радионы қосыңыз және жергілікті басшылардың тапсырмасын орындаңыз. Тұтыну тауарлар қоры мен жылуды сақтау үшін шаралар қолданыңыз.