Қар құрсауы қардың мол жаууы мен күшті бұрқасынның нәтижесінде пайда болады. Олардың салдарынан көлік магистральдарында қозғалыс тоқтауы, коммуналдық–энергетикалық қызметтердің және байланыс мекемелерінің жұмысы қиындауы мүмкін, қалалар мен елді мекендерде қалыпты өмір сүру бұзылады. Қар құрсауы көбінесе жылымықтың аязға ауысуы нәтижесінде мұз қатумен бірге болады, бұл байланыс желілерінің, электр беру, антенна құрылғыларының т.б. зақымдануына әкеп соғады.
Қазіргі уақытта автомобиль жолдарындағы қар құрсаулары пайда болған жағдайда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері көлік құралдарының қозғалысын шектейді немесе тоқтатады, ол туралы халыққа хабар береді.
Осыған байланысты, жолға шығар алдында жаңалықтар порталы, веб-сайттар және арнайы ресурстар арқылы, ауа райы жағдайы мен жолдардағы көлік құралдарының қозғалысы туралы ақпаратпен танысу, оның ішінде СМС таратпаларына назар аудару ұсынылады.
Егер сіз автомобильмен жолда қар құрсауында қалған жағдайда:
қозғалтқышты радиатор жағынан жауып қойыңыз;
мүмкіндігінше автомобиль қозғалтқышын жел жағына қарай қою;
оқтын-оқтын автомобильдің маңайындағы қарды оның астында қалып қалмау үшін, күреп тұру;
кабинаға пайдаланылған газдардың кіруіне жол бермеңіз: пайдаланылған газ шығатын құбыр қармен толып қалмауын байқаңыз.
Егер сіздің автомобиліңіз жолда өшіп қалса:
үрейленбеңіз, ахуалды: бағдар, орналасқан жері, елді мекенге дейінгі қашықтық, тәуліктік уақытын бағалаңыз;
егер сіз күтемін деп шешсеңіз, онда ұйықтамауға тырысыңыз;
жүремін деп шешсеңіз трассаны, тас жолды ұстаныңыз, олар қар құрсауына азырақ ұшырайды және олардың жиегі бар сол арқылы бағдарлануға болады.
Көбінесе қар құрсауы пайда болуы кезеңінде ауа температурасы төмен болады.
Тәжірибе адамдардың аяқтары, қолдары және беті жиі және тез тоңатынын көрсетеді. Санаулы минуттарда қатты үсік шалуы мүмкін.
Жағдай:
Жылыну:
Жалаң қол қарға тисе
Тез арада саусақтарды қусырып, киімнің ішіне сұғу. Қол кеуіп және жылынғаннан кейін ғана қолғапты кию керек.
Қолғапта қол тоңса
Бұлғау кейпіндегі қозғалыстар жасаңыз.
қолыңызды жұдырық қылып түймеңіз.
Бұлғау арқылы жылынуға болмаса
Денеңізге жылтыңыз, мысалы киім ішіндегі жалаңаш ішіңізге.
Аяқ тоңса
Бұлғақтату арқылы жылыту. Егер тоңған саусақтар сыздай бастаса, ауырғанға шыдап бұлғауды жалғастыру қажет.
Бет тоңса
Алдыға қарай қатты иіліп, біраз жер жүріңіз немесе 10-20 қатты еңкею керек. Үсіген жерді жұмсақ матамен (қармен болмайды, өйткені ол тоңазуды күшейтеді және теріге зақым келтіруі мүмкін) ысқылауға болады. Қатты желден бетті тығыз матадан дайындалған бетперде арқылы қорғауға болады.
Әрбір автомобильде міндетті түрде шұғыл жағдайларда өмірді құтқаратын мынадай заттар болуы қажет-дәнекерлейтін лампа, арқан, доңғалақтарға арналған шынжыр. Қатты аязда немесе қардың түсуі кезінде бірнеше автомобильдер топтасуы қажет, сонда сынып қалған жағдайда лектегі басқа жүргізушілер көмекке келе алады. Сонда да боран немесе қатты аязда жолда шықсаңыз, машинаңыз өшіп, елді мекеннен алыста қалса немесе сіз білмейтін жер болса, онда машинада қалған дұрыс, телефон арқылы көмек шақыру немесе жолда басқа автомобиль өткенше күту керек.
Есте сақтаңыз, машинада ең аз болғанда қосалқы доңғалақты қосқанда бес дөңгелек бар, ол кез келген ауа райында жақсы жанады.
Сондай-ақ, автомобильдің салонын балауыз шамдар едәуір жылытады. Бұл жағдайда автомобильдің терезесін ашып қою керек, яғни жанып тұрған шам оттегінің көп бөлігін алады және тыныс алу қиындайды.
© emer.gov.kz
13.01.2018, 09:01
Қар құрсауынан қалай құтылуға болады. ТЖ нұсқаунамасы
Қар құрсауы – бұл бұрқасын мен қар жаууы кезінде жергілікті жел жылдамдығы төмендеуі және қарлы жел ағынынан артық қардың түсуі нәтижесінде кедергінің желдің ық жағында пайда болатын қардың жиналуы.
Тегтер:
Пікір жазу
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13