Показать содержимое по тегу: Түркістан
20 наурызда Түркістан облысы Отырар ауданы орталығы Шәуілдірде көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғыртылды. Оны жергілікті азамат Абылайхан Қалназаровтың өтінішімен ақмолалық айтулы палуан Арман Сүлеймен көтерді.
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан облысына Балуан тас сапары» экспедициясының 3-4 күндері Отырар, Сауран аудандары мен Түркістан қаласында өтті. Ол ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған «ҚАЗАҚ КҮШІНІҢ КАРТАСЫ» мәдени-танымдық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Топ жетекшісі – «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті, күш мәдениетін зерттеуші Абылайхан Қалназаров.
Белгілі мәдениеттанушы, саяси ағартушы технолог, отырарлық Қалназаров Абылайхан Мамырайханұлымен сұхбат.
Бүгін елімізде «Күш лекциясы» жалпыреспубликалық жобасы басталды. Оның алғашқы апробациясы Түркістан облысында өтуде. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Farab кітапханасында қоғам мен жастарға арналған тың форматтағы «Күш лекциясы» сыннан өтті.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.