Осы олимпиадашыларымызды қолдауға барғандардың біразы жарысқа жете алмай қор болды. Пиоңшаңға жанкүйер болуға аттанған отандастарымыз екі күннен бері әуежайдың жертөлесінде жатыр. Айтуларынша, қолда билет болғанмен елге кіргізбейді. Ешқандай себебін де түсіндірмеген. Тіпті, кейбірінің паспорттарын алып қойыпты. Жүзге жуық жанкүйердің жартысын бүгін таңда Қазақстанға кері қайтарған, деп хабарлайды КТК арнасы.