«Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары» атты монографиясының тұсаукесері өтеді
02.02.2023, 20:12

«Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары» атты монографиясының тұсаукесері өтеді

2023 жылдың 3 ақпанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында тарих ғылымдарының докторы, профессор, германист ғалым Гүлжаухар Кәкенқызы Көкебаеваның «Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары» атты монографиясының тұсаукесері өтеді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық жобасы аясында жарық көріп отырған монографияда екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі түркістандық соғыс тұтқындарының  тарихы мен тағдыры зерттелген. Отандық тарих ғылымында аз зерттелген мәселелер қатарына жататын тақырып бойынша ұсынылып отырған кітапта Германияның, Польшаның, Ресейдің архивтерінен алынған тың деректер негізінде түркістандық соғыс тұтқындарының Үшінші Рейх жаулап алған жерлердегі лагерлердегі ауыр жағдайы, нацистердің Түркістанға қатысты көзқарасы, тұтқындардың талқыға түскен тағдыры баяндалған. 

Бұл еңбек – Германияның Түркістанға қатысты саясатын талдауға және түркістандық соғыс тұтқындарының тағдырын анықтауға арналған алғашқы кешенді зерттеу. Монографияда екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен түркістандықтардың тарихы соғысушы мемлекеттердің соғыс тұтқындарын ұстаудың халықаралық-құқықтық нормаларын бұзуы тұрғысынан зерттелген. Тұтқынға түскен түркістандықтардың саны қанша? Тұтқында қаза тапқан түркістандықтардың саны қанша? Үшінші Рейх идеологтары жасаған халықтар «иерархиясында» түркістандықтар қандай орында болды? Бұл сұрақтарға жауап неміс архивтерінде жатыр. Монографияда пайдаланылған Германияның, Польшаның және Ресейдің архивтерінен жинақталған құжаттық деректердің басым бөлігі ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр.

Тұсаукесер жиынында белгілі тарихшылар, қоғам қайраткерлері, тарихи тақырыпта қалам тартатын жазушылар, журналистер кітап туралы пікірлерін айтады.

Тұсаукесердің  өтетін орны:

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14,

Ұлттық Кітапхана, Н. Дәулетова атындағы зал.

//////////////////////////

Орысша нұсқасы: Судьба туркестанских военнопленных.

3 февраля 2023 года в 11.00 часов в Национальной библиотеке Республики Казахстан состоится презентация монографии доктора исторических наук, профессора Гульжаухар Какеновной Кокебаевой «Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары» (Судьба туркестанских военнопленных).

В монографии, изданной в рамках грантового проекта Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан, исследуются история и судьба туркестанских военнопленных во время второй мировой войны. В предлагаемой книге по теме, относящейся к числу малоизученных в отечественной исторической науке вопросов, на основе  данных из архивов Германии, Польши, России и Казахстана, рассказывается о тяжелом положении туркестанских военнопленных в лагерях на оккупированных Третьим Рейхом землях, о взглядах нацистов на Туркестан, о судьбе туркестанцев в немецских застенках.

Это – первое комплексное исследование, посвященное политике Германии по отношению к Туркестану и судьбе туркестанских военнопленных.  В монографии история туркестанцев, попавших в плен в период второй мировой войны, исследуется в контексте нарушения воюющими государствами международно-правовых норм содержания военнопленных. Сколько туркестанцев попало в плен? Какова статистика погибших в плену туркестанцев? Какое место занимали туркестанцы в «иерархии» народов, разработанной идеологами Третьего Рейха? Ответы на эти вопросы находятся в германских архивах. Подавляющее большинство использованых в монографии документальные источники из архивов  Германии, Польши и России впервые введены в научный оборот.

На презентации ожидается выступление известных историков, общественных деятелей, писателей и журналистов.

Адрес: г. Алматы, пр. Абая, 14,

Национальная библиотека

Зал им. Н. Даулетовой.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер