Көршілерінің көзін қыздырып жүрген бағбандардан 15 кеңес
24.07.2016, 15:20

Көршілерінің көзін қыздырып жүрген бағбандардан 15 кеңес

Жаз — бақшаны ретке келтіріп, жайқалтуды қолға алатын кезең. Bilim-all.kz әр бағбанға пайдалы болатын бірнеше айла-тәсілдермен бөліседі.

1. Банан – раушан гүлінің ең жақын досы екенін кім ойлаған? Раушан гүлдерінің түбіне бананнан асқан тыңайтқыш табу мүмкін емес. Бананның қабығын ұсақтап турап, тамырына сеуіп қою қажет.

2. Егер кеспекте өсетін өсімдіктеріңіз бар болса, онда мынадай бір қулық ең құрғақ жазды оңай өткеруге мүмкіндік береді. Қағазды қатты етіп бұрап, бір шетін топыраққа, ал екінші шетін – су құйылған құтыға салыңыз.

dontwastethecrumbs

3. Ілініп тұратын гүлзары барлар олардың тез солып қалатынын жақсы біледі. Мұның алдын алудың бір сыры бар: түбіне қарапайым балалар жөргегін төсеп қойыңыз. Ылғал бірнеше есе ұзақ сақталатын болады, ал гүлдер жайқалып тұрады.

4. Құлпынай жайқалып өскенін қаласаңыз, оны жабындау қажет, яғни жүйектерді жабу керек. Ол үшін қылқанды пайдалансаңыз болады, сонымен қатар шабылған шөп, арамшөп те жарайды. Жабын ылғалды сақтайды және зиянды жәндіктерден қорғайды, ал уақыт өте келе пайдалы қарашірікке айналады.

5. Жүйектеріңізді жәндіктерден қорғауға қарапайым пластик шаңышқылар көмектеседі. Оларды тістерін жоғары қаратып шахмат тәртібі бойынша тығып қойыңыз.

positivegardening

6. Өз қолыңмен сұйықтық жасап, арамшөптен құтылуға болады (4 л сірке суы, 250 г ас тұзы мен 1 үлкен қасық ыдыс жууға арналған құрал). Сұйықтықты ыстық күнде себіңіз. Қолыңызды абайлаңыз!

7. Егер жаз онша жылы болмаған болса, кішігірім жылыжай қызанақтарыңызға өзін тамаша сезінуге мүмкіндік береді. Оның құпиясы қарапайым: топыраққа қадалған және целлофанмен оралған бірнеше шыбық немесе қада көшетке жылу мен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

8. Алаудан кейін күл қалды ма? Оны тастаушы болмаңыз, ол тамаша тыңайтқыш бола алады. Мысалы, жазда күн суық әрі дымқыл болса, күлге бұрыш пен баялды қуанып қалады.

9. Егер жер мен ауаның температурасы көктеу үшін тым төмен болса, мынадай кішкентай көшетхана оларды сақтап қалады.

bhg

10. Егер қандай да бір себеппен суқұйғышыңыз жоқ болса, оны қарапайым пластик бөтелкеден жасап алуға болады: оны құбыршекке кигізіңіз, бізбен бірнеше жерінен тесіңіз.

11. Егер бір жылдық өсімдіктерді немесе мезі қылған гүлдерді жаңа сұрыпқа өзгерткіңіз келсе оны құтыда отырғызыңыз.

12. Ағаш көшеттері құрғап кетпес үшін олар әрдайым суарылып тұратындай істеңіз: қарапайым бөтелкені алып, пластик қақпағын бірнеше жерінен тесіп, бөтелкеге су құйыңыз.

wikihow

13. Ұрықты өсіруге мынадай қарапайым тәсіл көмектеседі: ұн мен судан 1:3 пропорцияда ботқа жасаңыз, қоспаны жазылған дәретхана қағазына әр 5 см сайын салыңыз, ұрықты себіңіз. Қағазды орама етіп орап, бірнеше күнге қойып қойыңыз.

14. Көшетті жұмыртқаның қабығында өсіру мен отырғызу оңай болады — қайта отырғызған кезде тамыры бүлінбейді, ал қабығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Айтпақшы, ұсақталған қабықты топыраққа салып жіберуге де болады, өсімдіктерге бұл өте пайдалы.

gardenbetty

15. Бақша жұмыстары қол терісіне кері әсер етуі мүмкін. Қолыңыздың сұлулығын қайта қалпына келтіру үшін мынадай тәсілді қолданып көріңіз: 100 мл 3% сутек тотығын, 10-20 мл мүсәтір спиртін, ыдыс жууға арналған құрал немесе кішкене кір жуғыш ұнтағын араластырыңыз. Алынған

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер