"Әкем анамды ұрмаса екен": 10 жасар баланың хаты жұрттың көңілін босатты
15.05.2018, 14:02

"Әкем анамды ұрмаса екен": 10 жасар баланың хаты жұрттың көңілін босатты

Әлеуметтік желілерде Аққали есімді баланың тілек хаты түсірілген сурет таралып жатыр деп жазады Tengrinews.kz.

Бала хатында әкем анасын ұрмаса екен деген тілек айтады.

"(...) Өзіміздің үйіміз болса екен. Әкем тез жұмысқа орналасса екен. Анам тез айлық алса екен. Мен бесінші сыныпқа өтсем екен. Әпкем тесттен жүз балл алып, тех мектепті бітірсе екен. Әлемдегі ең бақытты отбасы болып кетейік. Анамның құрсағындағы сәби тәуір болып дүниеге келсе екен", - деп тілек жазылған таралған хатта. 
Желі қолданушылары оның тілегіне тәнті болып, бірі жаны ашығанын жазса, екіншісі көмек қолын созуға даяр екенін айтыпты. 

"Аққали отбасын ортаға алып. Рух беріп, көмек беріп атсалысу керек, қалай ойлайсыздар, оның күтіп отырған көмегі біз сияқты көзі ашық, жүрегі ашық адамдар аркылы жетістикке жетеді. Ат салысайық халайық!", "Ойлаған арман мақсатың,тілегің қабыл болсын!!!", "Тілегің қабыл болсын сенің кішкентай жүрегіңнен шыққан Тілегіңе тілектеспін жаным, амин дейік" деп пікір қалдырған қолданушылар.

Пікір жазғандардың арасында бүгін, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні екенін еске салды. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер