Польша мемлекеті қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады
10.03.2018, 19:01

Польша мемлекеті қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады

Польша мемлекеті қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады Grantist.com

Польша қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша гранттар ұсынады, деп silteme.kz АА baribar.kz тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды.

Білім гранттары Польша Үкіметі мен Қазақстан Үкіметі арасысындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2016 жылғы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Бакалавриат бойынша – 3 орын, магистратура -4 орын және докторантура – 4 орын бөлінеді. Үміткерлер білім алардан бұрын поляк тілін бір жыл оқуы тиіс.

Келісім бойынша студент тегін оқиды, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұра алады (шамамен 80 – 150 еуро), докторантура бағдарламасының студенттеріне шәкіртақы (шамамен 300 еуро) тағайындалады. Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімін nawa.gov.pl сайтынан білуге болады, сондай-ақ сауалнамаға қосымша құжаттар талап етіледі.

Айта кетейік, үміткер Астанадағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесіне келіп талап етілетін құжаттар тізімі ұсынуы тиіс. Алайда соңғы шешімді поляк тарапы қабылдайды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер