"Құрметті журналист қауым жəне мына күллі интернет фейсбук, вацапқа жазғыштарға айтарым бар: "Болар елдің баласы бірін-бірі батыр" дейді. Қазақ айтқан осы ғибратты сөзді бəріңіз білесіздер. Егемендігімізге 30 жылға жуықтады. Өсек-аяң, майда сөз тиылар емес. Атақты адамдарға "жақтым күйе, жаптым жала" дегенді көбейтіп барасыздар. Ол кісілерге сол атақ-даңқ оңайлықпен келген жоқ. Қанша еңбекпен, маңдайдың адал терімен! Халықтың жүрегінен орын алған сүйікті кейіпкерлерді жаманатты көрсеткенде сіздерге біреу шен-шекпен бере ме? Шен-шекпен бермек түгіл үй сыртындағы кісілер күлкі-мазақ қылады. Тұңғышбайды қойып, енді Мақпалды, Мейрамбекті қазбалай бастадыңдар. Іздей берсе кемшілік əр кісіден табылады. Алланың өзі адамдарға бір-біріңнің айыбыңды жасыр" деген. Себебі Алла пенделерін кемшілікпен жаратып сынаққа жіберген. Қазақта да қараланбаған адам қалсыншы. Жерден жеті қоян тапқандай ел көңіліне орныққан аяулы ұл-қыздарға күйелі ағаштарыңды ала жүгіргенді қойсаңдар екен. Сіздерге аналық өтінішім осы!" деп өтінген ақын.
Әселхан Қалыбекова журналистерді өсек-аяң, майда сөзден тиылуға шақырды
Қазақта да қараланбаған адам қалсыншы.
Айтулы айтыскер, халық ақыны Әселхан Қалыбекова өзінің фэйсбук парақшасында БАҚ өкілдерінің атақты адамдарға "жақтым күйе, жаптым жала" дегенді көбейтіп бара жатқанын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды silteme.kz AA.