"Бүгін таң азаннан "Тəуелсіздігіміз баянды болсын" деген құттықтаулар үздіксіз келіп жатты. Желіде де сол əңгіме. Өте жақсы. Ниет түзу. Тек енді сол тəуелсіздіктің баянды болуын сөзімізбен ғана емес, ісімізбен де қолдасақ қой!" деп тілек білдірген журналист.
Оның жазуынша, Тəуелсіздік туралы толғанып отырғандардың тоқсан пайызы өзінің тікелей тиесілі құқығын толық пайдаланып жүрсе, қорықпауға болады...
"Əлі күнге дейін мұғалімге сыйлық жасауды қалыпты жағдай деп есептейтін, дəрігерге пара беруде тұрған не бар деп ойлайтын, өзін былай қойғанда баласына мақтау қағазы мен марапатты сатып алудан арланбайтын жандардың көп екенін көремін. Айлық алып отырған жұмысын елге қызмет етумен бір көретіндер бар екенін байқаймын. Сосын... сосын сөзі көп те ісі жоқтардың тым көп екенін көремін де, "маған ғана тіреліп тұрмаған шығар-ау" деп өзімді ақтап аламын. Мен сияқты дəрменсіздер де аз болмаса керек" деп жәнеден түйіндеген сөзін Ж.Әбділда.