Показать содержимое по тегу: өлім саудагері
Грек тілінде динамит сөзі «күш» дегенді білдіреді. Бұл нитроглицерин, калий немесе натрий нитратының және ағаш ұнтағынан тұратын жарылғыш заттар, көлеміне байланысты көлікті, үйді бұзып, тасты жарып жібере алады. Динамитті швед инженер-химигі Альфред Нобель ойлап тапқан, 1867 жылы патенттеп, туннелдерді тесу үшін пайдалануды ұсынған. Бұл өнертабыс Нобельдің атын бүкіл әлемге мәшһүр етіп, оған аса ірі табыс алып келді. 1895 жылы өсиетхат жазып, онда капиталының басым бөлігін химия, физика, медицина, әдебиет және бейбітшілікті нығайтудағы ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткендерді марапаттайтын сыйлыққа аударды.