Показать содержимое по тегу: күң
Сириядағы соғысқа қатысып, туған елі – Тәжікстанға қайтып оралған тәжік жігіті Фаррух Шарифов өзінің қателігін ешкім қайталамаса екен деп тілейді. Душанбедегі Кохи Джоми концерт залында Худжант қаласының 25 жастағы тұрғыны Фаррух Шарифовпен өткен арнайы кездесу Тәжікстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған. Жиында жас жігіт бір ай Сирияда болып қайтқанын және «ИШИР» ұйымынан қатты көңілі қалғанын айтып берді.