Показать содержимое по тегу: ерлерге мінездеме
Егер жігіт «Менің қолымнан түк келмейді» деп қайғырса, бұл ой еркін әрекет етуге мүмкіндік тудырады. Азаматтың қолынан түк келмейді дегеннің өзінде ол сүйе алады және әрекет ете алады деген сөз. «Қолда бардың қадірі жоқ» деген тақырыпқа жігіттердің басынан өткен талай хикаяны сыйдыруға болар еді. Мәселен, «Алтын балық» туралы ертегіні ойлап қараңызшы. Патриархалды мәдениетте әйелдің мойынсұнуынан басқа мінезі қабылданбайды. Сондықтан елдің бәрі кемпірді жағымсыз кейіпкер көреді. Сынайды, мінейді. Ал, шалы жүрген бір бос белбеу. Ештеңемен ісі жоқ. Болбыр біреу. Бұл ертегіде шал кемпіріне өлердей сенеді. Сондықтан ақымақ кейіпке енген. Ол әйелдің жолына түскен.
Шалдың міндеті қолдан сусып кеткен нәрсенің қайырын тілеу еді: не кемпірін жоғалтқанына, не алтын балықты. Сол кезде ол: «Енді бармаймын, өзің бар» десе де болар еді. Жұбайлардың әдеткі ұрысы. Осы кезде әйелдің өз табиғатына тән сенім білдіру сәті туар еді. Не мұндай шалдан безу керек, не оған мүлтіксіз сенім артуы тиіс. Ары кеткенде алтын балықпен өзі келісімге келер ме еді? Әйелді кім түсініп болған.
Егер жігіттің қолынан түк келмесе, ол тым құрымағанда сүйе біледі, еркін әрекет жасай алады. «Құдай өзі берді, өзі алды» деген ұғым олардың мысын баса алмайды.
Азаматтың болмысының ерекшелігі де сол. Өзі қалаған жерге бару, тіпті жанында ешкім болмаса да, дегеніне жетпесе де, ол өзім білемге салады.
Әйелдің болмысы.
Әйелдің жолы – сенім. Ең алдымен өз табиғатына сенуі керек. Әйелдің табиғаты қатыгез емес. Ол жаманшылық ойламаудан тұрады. Гүл асфальтты тесіп шықса, оған гүл кінәлі емес. Асфальт та кінәлі емес. Гүл өмір сүргісі келеді. Өмір бергісі келеді. Егер әйел өз табиғатына сенім артуды үйренсе, онда ол Әлемге де, азаматқа да оңай сенеді. Сенім артуды үйренген әйел тиісті емес жерге бармай қалып, тиісті жерге лезде жететінін тез аңғарады. Егер әйел өз табиғатынан алшақтаса, сенбесе, ол ер адамға деген сенімін қоса жоғалтады. Ол адасады. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенінен жаңылады. Шындық пен жалғанның арасын ажырата алмай әлекке түседі. Сыртқы бағытын анықтаса, ішкі дауысын естімей қалады. Бір сөзбен айтқанда, екінші сортты еркекке айналады.
Бірақ дейтін бір жағдай бар. Өзіңнің табиғатыңа сену үшін абсолютті батылдық керек. Қайсарлық өзіңді сақтау инстинктін өшірмейді. Керісінше, толықтыра түседі. Әйелдің табиғаты өмірді сақтау, өмір сыйлау. Алайда, өміршеңдігіне қол сұққанды абайсызда өлтіріп алуы да мүмкін.
Дереккөз: elana.kz/
©Вячеслав Гусев
Аударған Шынар Әбілдә