Атабаба

Показать содержимое по тегу: Атабаба

«Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің жетекшісі Арман Әубәкір фэйсбуктегі парақшасында қазақ тарихында өзіндік орны бар символдық тұлғалардың бейнелерінің ұлт рухын оятудағы рөлі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды silteme.kz.

Опубликовано в Руханият

Ата тарихымызға көз салар болсақ, Арқа өңiрiнде жасап өткен дала даналарының бiрi Едiге би Төлебайұлы екенiн байқаймыз. Едiге өз заманындағы көшпелi қазақ қоғамының айтулы қайраткерi, ақылман биi, аузы дуалы шешенi. Оның кiсiлiк келбетi мен адами болмысы жайлы Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы жан-жақты жазып кеткен.

Опубликовано в Руханият

Түркияда қазақ ұсталары жасайтын пышақтар мен кездіктерге сұраныс ерекше. Бір пышаққа тапсырыс берген адам бес ай кезегін күтедіе, деп жазады egemen.kz.

Осыдан 300 жыл бұрын алып Османлы империясы әскеріне қажетті қылыш пен қанжар тапшылығы мәселесін шешу үшін Чанаккаленің Бабакале ауылына Қазақ жерінен ұсталар алғызған екен. Бабакалеге 1700 жылдары келген сол ұсталардың қолынан шыққан қанжар-қылыштар кезінде Сирия мен Мысырға дейін таралыпты. Ал темірден түйін түйген ұсталық өнердің өзегі үзілмей бүгінге дейін жетіпті. Атадан балаға мирас болып жалғасқан осы дәстүрлі ұсталық кәсіпті Түркияда қазір Доған Тосын мен оның немере ағасы ғана жалғастырып келеді. Бүгінде «Бабакале пышақтары» деген атаумен мәшһүр болған пышақтарды Түркияда осы екі ұста ғана жасайды. Доған Тосынның айтуынша, алғаш қазақ ұсталары келген кезде бұл ауылда 18 ұстахана көрігін қыздырып тұрған. Кейін оқ-дәрі мен мылтық шыққан соң бұл ұсталық тоқтай бастаған. Тек өздерін сол ұсталардың ұрпағы санайтын екі ұста бабалар кәсібін үзбей, қанжар, кездік, пышақ жасауды әлі жалғастырып келеді.

«Бұл өнер осы күнге дейін атадан балаға берілу арқылы жетті. Мен де қылыш-қанжардың жалғасы ретінде пышақ пен кездік жасаумен айналысамын. Бұл өнерді менен басқа немере ағам да кәсіп қылған. Біз 300 жыл бойы жалғасып келе жатқан дәтүрді үзгеніміз жоқ, жасайтын бұйымдарымызда бабалар қолтаңбасы сол күйі сақталған дей аламын. Пышақ, кездіктерімізге халықтың қызығушылығы жоғары. Қазір осы ұсталық өнерді ұлыма үйретіп жүрмін», ­- дейді Анадолы ақпарат агенттігіне сұхбат берген Доған Тосын.

Оның айтуынша, ұста жұмыс барысында үш ғасырлық бұрғыларды қолданады. Бұл бұрғылар кезінде қылыш пен қанжардың саптарын тесу үшін пайдаланылған екен. Сондай-ақ пышақтардың сабы ағаштан емес, қойдың, ешкінің және киіктің мүйіздерінен жасалады. Ал пышақтың өзі болаттан соғылады.

 

Опубликовано в Руханият

Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр мен ырым-тыйымдардың қай-қайсысын алып қарасақ та айтар ойы салмақты, мағынасы терең, даналық пен көрегендіктің асқан үлгісін байқауға болады. Ерте кезде қазақ халқы көшпенді тұрмыста өмір сүрсе де әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді отбасылық тәрбиемен ұштастыра отырып, жүйелі түрде әрбір дәстүрімізге ерекше мән беріп, ықыласпен орындайтын болған. Ал бүгінде ата-бабамыздан қалған кейбір дәcтүрлер мен жоралғылар заман ағымына ілесе алмай, тіпті халық арасында қолданыстан шығып жатқандары қаншама?! Сондай елеусіз қалған дәстүрдің бірі – қамшы ілу.

Қамшы – қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінде өзіндік алар орны бар қасиетті құралдың бірі. Қарапайым тұрмыста қамшыға байланысты жиі қолданылатын сөз тіркестері де соның дәлелі іспеттес. Мәселен, қамшы тастау (яғни, сөз сұрау), қамшы болды (жақсы мағынасында, әсер етті, себеп болды) деген сөздер жиі кездеседі. Сонымен қатар, өмірдің өзін «қамшының сабындай қысқа» деген тіркеспен дөп басып теңей білген. Мұның барлығы халқымыздың қамшыға деген құрметін білдірсе керек.

Қамшы ілу дәстүрі – құдалық, құда түсу жолында жасалатын таза қазақи ұғымды көрсететін жоралғылардың бірі. Бұл дәстүрдің негізгі орындалу тәртібі төмендегіше. Ұлына қалыңдық іздеген кісі ауылдың ақсақалы мен азаматтарына және өз туыс-туғандарына жолығып, шаруасын байыпты баяндайды. Бұл ойына жанашыр кісілер ақыл қосып, «пәлен жерде осындай жақсы адам бар және оның бойжетіп отырған қызы бар» екендігін жеткізеді. Осыдан кейін үйленгелі жүрген жігіттің әкесі ғұрыпқа сай өзінің жақын ағайынын, беделді адамдарын ертіп, жаңағы елден естіген болашақ құдаларының үйіне барады. Қонақ келсе құдайындай күтетін қазақ халқы бұл ретте де өзінің қонақжайлығын көрсетіп, келген кісілерге қонақасын береді. Ас үстінде түрлі әңгіме айтылып, шыққан тегі мен ата-бабасы да сөз болады. Ас ішіліп, қайтуға жиналған жігіттің әкесі үйден шығарда киіз үйдің кереге басына өзінің қамшысын іліп кетеді. Мұнысы сол үйдің қызына құда түссек деген тілегін білдіреді. Қамшыны көрген қыздың әкесі келген кісілердің аты-жөнін, ата-тегін білгеннен кейін, оларға тиісті жауабын беруі керек. Әрине ол үшін асығудың да қажеті жоқ. Себебі ілінген қамшының уақыты бір жылға дейін созылады. Осы уақыттың ішінде қыз бен жігіттің әңгімесі жарасып, бір-бірімен сөз байласса жігіт жағы қызды айттырып келеді. Қамшы да сол үйде қалады. Ал егер қыз бұдан бұрын басқа біреуге айттырылып қойған болса немесе әкесі қызын қамшы ілген кісілерге бергісі келмесе онда қамшы иесіне қайтарылады. Бұл үшін жігіттің әкесі ренжімеуі тиіс. Себебі ата-бабамыздан қалған дәстүр осылай қалыптасқан.

Қамшы ілу дәстүрінің түп-төркініне назар аударар болсақ, қазақ халқы қашан да құдаларының текті, ауқатты әулеттен болғанын қалаған. Сол үшін қамшы ілуге бармас бұрын ағайын-туыс пен ауылдастарының кеңесіне құлақ асқанды дұрыс көрген. Ал әрбір істің астарынан мән-мағына іздейтін халқымыз үшін осынау тілектің төркіні бір ғана қамшыда жасырылғандығы асқан көрегендіктің белгісі емес пе?!

З. ТӘЖІБЕКҚЫЗЫ 

Дерек көзі: ozgepikir.kz

Опубликовано в Нетократия

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер