Показать содержимое по тегу: тарихи ән
«Ақтау, Ортау, Сарысу, Көктің көлі,
Жаулаушы еді жаз болса көшіп елі.
Сағынғанда көзіме жас келеді.
Ақ туын ата-бабам тіккен жері »- . деп бойыңдағы 62 тамырыңнан қан жүгіртіп, ет жүрегіңді шымырлатып, қазақтың қоңыр үнді әуезді даусымен Иманжүсіптің әнін санаға жеткізіп, дәріптеп жүрген Қайрат Байбосыновтың орындауындағы «Сарыарқа» әні Баяу ырғақпен жүректің түкпіріне еніп, бойға тарайтын әннің кереметтілігі сол, ақынның көкірегінде туған атамекенге деген сағыныш зары әуенмен беріледі. Тарихта жабулы күйінде қалған көп ақиқатты халық әндерінің бойынан табамыз. Себебі, ондағы зар халық басындағы зұлматты елестетеді.
Қайрат аға, Сіз Иманжүсіп әндеріне қалай келдіңіз? Иманжүсіп жайлы өз деректеріңізбен бөліссеңіз.
Мен 1967 жылы Алматы республикалық эстрада студиясына Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болып қабылдандым. Сонда Жәнібек Кәрменов екеуіміз Жүсекеңнен оқыдық. Қазірде ол студия Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада цирк колледжі атанды. Иманжүсіптің әнін сол кісіден үйрендім. Ақын респрессиға ұшырап, айдалып бара жатқандағы «Абылай аспас Арқаның сары белі »деп жырлаған әнін ұстазымыз бізге үйреткен кезінде Иманжүсіп әлі ақталған да жоқ еді. Жүсекең осы әнді 70-ші жылдары радионың «Алтын қорына» жазып кетті.
Әнін үйреткен кезде айтатын еді: «. Иманжүсіп ұзын бойлы адам болыпты . Адамның қолы шоқтығына жетпейтін ақ боз атына мінгенде, екі тізесі аттың құлағын қағып келе жататын »деп сипаттайтын . Сосын ол бабамыздың бір кереметтігі — қамшыгер еді Жаңа сойылған сиырдың терісін қамшымен ұрғанда Жас теріні қақ айырады екен. Халық жауы аталып, қуғынға ұшыраса да Иманжүсіптің әндерін халық өзді-өзі отырғанда айтып жүретін. Халық оны әсте естен шығармаған. Иманжүсіпті халық жауы ретінде ұстап алған кезінде толтырылған хаттамада Ақмола уезі, 4-ауылда туған деп жазылған. 4-ауыл дегені . қазірде Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданының жанындағы Ескелең ауылы . Бұрында Ақмола уезіне қараған еді Жергілікті халық — қыпшақ руынан. Ескелеңнен бергі Қорғалжың, Мамыраның барлығы кезінде Ақмола уезіне қарасты жер еді. Иманжүсіптің әндерінде де айтылады: «Ақтау, Ортау, Сарысу, Көктің көлі, Жаулаушы еді жаз болса көшіп елі. Сағынғанда көзіме жас келеді, Ақ туын ата-бабам тіккен жері »деп. Алайда, кейінгі жылдары қалай Павлодар облысының тумасы болып кеткеніне таң қалам.
Иманжүсіп әндерінің халық жүрегіндегі өзіндік орны жайлы не айтар едіңіз?
Есімде, 70-жылдары елге каникулға келіп ақсақалдардың алдында Иманжүсіптің әнін орындаған едім. Сонда балуан денелі, бір аяғы жоқ, бір саусағының өзі қарапайым адамның үш саусағындай жуан, шомбалдай болатын адам ақынның әнін естігенде «Шіркін-ай Иманжүсіп деген қандай адам еді … Кезінде Иманжүсіптің қолына су құйдық қой »деп еңкілдеп жылап жіберді. Сол 70-жылдары 83-темін деп отырған ақсақал еді.
Осыдан кейін есімде қалғаны, сол жылдары Ақтау, Ортау жаққа аудандық өнерпаздар машинамен қыдырып, қойшыларды аралап бара жатыр екен, елге каникулға келген маған да қоса жүруді ұсынды. Содан ілестім. Мінгеніміз бутка машина, ішінде адам отыруы мүмкін емес, жол жаман. Сөйтіп ауданнан шыға бергенде бір шал қолын көтеріп тұр екен. Ол машинаның кабинасына отырмай, артында отырған қыз-жігіттердің арасына қойып кетті. Қағылез ғана шоқшақ сақалы бар шал екен. Біреулердің жездесі болып шықты. Ойнап күліп, алысып жұлысып, жас адам сияқты машинаға ырғып мініп, ырғып түседі . Сөйтсек, ол кісі тоқсаннан асыпты. 70 км-дей жүріп әлгі кісінің ауылына жеткенімізде «ал балалар, енді біраз жүрдік қой, үйге түсіп шай, қымыз ішіндер, қуырдақ, ет жеңдер» деп үйіне шақырды.Баратын жеріміз алыс болғандықтан тоқтадық. Үй ішінде бәрі қолқалап, маған тағы да ән айтқызды. Сол кезде Иманжүсіпті енді жаттап келген кезім еді. Үйренген әндерді бойға сіңе берсін, төселе берейік деп осындай отырыстарда жиі айтатын едік.Иманжүсіптің әнін айтқанда 90-дағы шал жылап қоя берді. «Шіркін-ай, кешегі Иманжүсіп дегендер қандай адам болып еді. Иманжүсіптің біз үзеңгісін ұстап едік қасында. Шылбырын ұстап едік қой »деп ағынан ақтарылды. Соған қарап ойлай беріңіз, жұрттың барлығы танитын, ел ішінде қандай қадірлі адам болғанын. Оның әндері халық арасында таралды. Санада жатталды. Ауыздан ауызға берілді.
Иманжүсіптің әндерін насихатаушы, дәріптеуші ұстаз ретінде бабамыздың өмірі жайлы қандай қызық деректермен шәкіртеріңізбен бөлісесіз?
Иманжүсіп — Балуан болмаған . Бірақ қамшыгер, қарулы адам еді дейді халық арасында . Ол туралы мынадай бір әңгіме бар . Кездесуге сылтау таба алмай жүрген орыстың бір балуаны бар екен . Содан өзара шекісіп қалып, қасына нөкерлерін ертіп Иманжүсіпті үйіне іздеп барады Оны Иманжүсіп естіп, үйінде домбырасын шертіп шалқасынан түсіп жатқан. Мұның жігіттері сыртта тығылып отырған. Содан орыстың балуаны кіріп келгендей «Ай здрасте в табрь» деп кіргізіп жіберіп, есіктің күршегін салып алып, екеуі күресе жөнеледі. Жұлысып кеп, жамбасқа салып, екбетінен түсіріп, майқұйрықтан қамшымен шабақтап шабақтап , сүйреп далаға лақтырып тастапты.Сөйтіп орыстың балуанын кері бездірген. Келген нөкерін Иманжүсіптің жігіттері сабаған. Жалпы, ұлтым десе жанын беретін адам болған. Елді жаулады, шұрайлы жерлерді алып қойды, қу тақырға қазақ, жақсы жерге орыстар, «переселенецтер» келді деп мұжықтарды жек көрген дейді. Өзімізге иелік бермейді деп бойында орыстарға өші болған.
Қасиетін дәріптейтін келесі бір халық есінде қалған естелік-Қажымұқанның Иманжүсіп алдында бас игендегі оқиғасы. Оқиға Қажымұқанның Қоянды жәрмеңкесіне барған кезінде болған. Ол кісіні орыс палуан дейді, барлық елге сыйлы атақтылар жиналған жерде «тойға кім келді, үлкендерден, ақындардан, әншілерден, палуандардан кім бар , қандай атақты адамдар келіп жатыр »деп сұрап білетін қазақилық жөн-жосықты біле бермейді. Үлкендер бар болса барып сәлем беру керек екен. Қыпшақтың баласы болғандықтан, Қажымұқан інісі ғой, былайша айтқанда.Иманжүсіптің келгенін естіді ме, әлде білмеді ме екен, Қажекең барып тілдесіп , сәлем бермепті. Содан Қажекең керіліп үйден шықса, қазақтың мықты балуанын көреміз деген қасында үпір-шүпір адамдар жинала қалады екен. Сосын ауылдың бір сары шалы масадай ызың-ызың етіп, аяғынан оралып, қайдағы бір сұрақтарды беріп, мазасын ала беріпті. «Әй, қалқам қойшы енді, сөйлесіп алайық »десе болмайды, онысымен қоса тілінің қотыры бар, ащы тілімен шағып алады дейді. Қажекең ыза болып, шалды «сол жерде отыра тұр» деп, киіз үйдің төбесіне лақтырып жіберіпті.Содан жаңағы шал үйдің төбесінен түсе қалып, « жалғыз дәу менмін деп тұрсын ба?!Сенің де көкеңді көзіңе көрсететін азаматтар табылады »Деп бүкіл Қоянды жәрмеңкесін шулатып, даусы жер жарып, ренжіп кетеді. Бір уақытта биік ақ боз атқа мінген, ұзын бойлы ірі тұлғалы адам келе жатыр дейді. Қажымұқанға қарай таяй бере :?! «Қайсысың-ай, мынау сорлы шалды жылатып жүрген ?! Немене, сендердің күштерің тасып жүрме Шынашақтай шалда НЕ өштерің бар еді, қайсысың? »Деп шалдың өшін алып беретін адамдай сылдау таппай, адам іздеп келе жатса керек.Содан Қажекең де тұра қалып «Қайтесің, менмін!» Дегендей кеудесін кереді. «Ой патшағыр, сен шығарсың! Саған ұқсайды »деп қамшысымен жай ғана жаурынынан сілтеп қалды дейді. Сонда Қажекең айтады дейді:. «Арқамды пышақпен тіліп, үстінен тұз себелеп бара жатқандай, тізем бүгіліп барып, бүгіліп жерге тиер-тиместен балуандығым есіме түсіп көзімнен жас ыршып кетіп, атып тұрдым» деген екен Содан барып Иманжүсіп екендігін біле қалып, атының аяғын құшақтап кешірім сұрап жылап жіберіпті. Ол кісінің қамшыгерлігі керемет, тіпті Қажымұқанның өзі айтқан ғой.
Қараөткелдің базарына (қазір Астанада Конгресс холл мәдениет орталығы тұрған жер) ақ боз атымен ырғалақтап келеді дейді. Содан барып қарсы келген біреуіне жігіттері барлығы тап берсе, тұра тұрындар мен өзім көрейін деп, «Менің атым Иманжүсіп» деп қамшымен бәрін сілтеп, жаусатып түсіретін көрінеді.Қамшыгерлік деген де керемет өнер.
Қазіргі таңда ұрпақ үшін өкініштісі -. Иманжүсіп әндері санаулы Көп дүние жоғалып кетті. Қазірде бізге жеткен Иманжүсіп бабамыздың әндері қандай?
Ол кісінің әндері керемет. Кезінде сол әндерді айтатындар жойылып кетті.Алайда, тірнектеп қайтадан жинастырылып келеміз. Көкшетаулық Үкілі Ыбырайдың жиені Нұрғиса Асайыновтың орындауында Иманжүсіптің бір әнінің жазбасы бар. 80-жылдары Кеңшілік Мұсабеков қазақ радиосына Иманжүсіп жайында поэма жазған еді . . Сол поэмадан мен «Сарыарқа», Қыз Жібек операсында Бекежанның ариасы болып келген «Сарымойын» әндерін қолдандым . Әмина Нұғыманова деген әнші апамыздың орындауындағы «Сарыарқа» деген тағы бір әні бар Бірақ, мен оқып жүргенде Сарыарқа әнін: «Сарыарқа жерім-ай, жебеп құс салған айдын да шалқар көлім ай »деп үйрендік. «Сарыарқа» -. айдалып бара жатқанда айтқан қоштасу әні . Иманжүсіптің тағы екі әні қазірде Жаңаарқада бар деп естідім . Бірақ, орындаушы кім екенін білмей жүрміз . Ләззат Сүйіндікованың орындауында тағы бір әні бар Бұрындары Жаңаарқадан «Батыр ау» деген бір әнін жазып алып келген, музыка зерттеуші, күйші, ұстаз Тымат Мерғалиев деген ағамыз болған, 6-7 жыл бұрын қайтыс болған еді. Сол кісі 70-жылы айтып еді: «Жаңаарқадан 64-жылы« Батыр ау » әнін жазып алып келдім »- . Деп еді Бірақ енді ОЛ кісіден үйренеміз Деп жүргенде, ол кісі қайтыс болып кетті. Қазір сол кісінің үйінде жатыр, әннің жазбасын жеңгейден сұраймыз ба деп жүрміз. Жаңаарқа өңірінен Нияз батырдың, Иманжүсіптің тағы да басқа әндері табылды. Осылай тірнектеп жинаса, ол дүниенің барлығын қолға алса шыға береді ғой.
Балуан шолақтың жинақталып кітапқа шыққан әндерін студенттердің әрқайсысына үйреніңдер деп табыстадық. Сол сияқты Иманжүсіптің әндеріне де жан-жақтан іздеңдер деп тапсырма беріледі. Алматыда ұстаз болып жүргенде менің бір аспирантым ғылыми тақырыбына Иманжүсіпті алып, әндерін іздестіріп, соның орындауында таспаға түсірдік. Иманжүсіп әндеріне қызығушылық танытып, іздестіретін жастарымыз да жоқ емес, бар. Әндері ел арасынан табылады. Осылай іздестірсек мұрамыз жинақтала береді. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы «Абылай аспас арқаның сары белі» деп, осы әнді тамаша айтады. Қазірде Иманжүсіптің «Сарыарқа», «Сарымойн» әндері радионың алтын қорында сақтаулы .
Иманжүсіп Құтпанұлы тәуелсіздік жолында күрескен, азаттықты аңсаған тұлға. Иманжүсіп әндерін кейінгі жылдары орындап келе жатқан жастарға айтар лебізіңіз, ақылыңыз, бір ауыз сөзіңіз болса.
Иманжүсіптің немесе халықтың басқа әндері болмасын, студенттеріміз жаттап келеді Оның барлығы -. біздің тарихымыз, өткеніміз . Өткенімізді білмей құлаштауымыз қиын нәрсе . Сондықтан, құран кітабындай жаттап, үйренетін дүниелер . Ән табиғатының бойында сол кездегі халық басындағы ауыртпашылық бейнеленеді Сайран салған жігітшілік кездері, « Батыр бір оқтық »дегендей барған жеріне қайта келер-келмесін білмеген, жүрген жерлерінің барлығын жырлаған. Қолға түсіп, қор болғандағы қоштасуы да бар. Қазақтың сал серілердің барлығының әндерін білуге тиіспіз. Әрбір автордың өмір тарихынан мағлұмат санамызда болу керек.Себебі өмірінен білмей әнді түсініп айту мүмкін емес . Осындай дүниелерді біздің әнші жастарымыз тегіс үйренуде! Мұндай қазақ өнерін жалғастыратын жастарымызға рахмет . Бірақ халық әндеріне насихат керек . Халық әндерін теледидардан таң атқаннан кеш батқанға дейін қойып қойса да, аздық етпейді . Әр каналдан беру керек. Қазақтың өнері — қазақтың тарихы. Насихатымыз керек, талантты жастарымыз көп. Үйреніп жатқан жастарымыз да жетіп артылады, қолдарына бердік.Өнер — ғасырдан-ғасырға керуен сияқты созылып келе жатыр ғой . Біз оған өз үлесімізді қосып, ары қарай ырғалтып, жіберуіміз керек Ал жастарымызға тек талантты жетелеген талаптарының қажымауын тілеймін .
Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңіз жемісті, атыңызды асқақтатар шәкірттеріңіз мол болсын!
Дерек көзі: aleumettynysy.kz