Бас пен жамбас терісі қабақ терісінен қанша есе қалың?
22.12.2017, 09:17

Бас пен жамбас терісі қабақ терісінен қанша есе қалың?

Адам терісі туралы не білеміз?

Тері өте күрделі құрылысты мүше болып табылады. Ересек адамдарда оның көлемі 1,5 – 2 мм құрайды. Әр түрлі аймақта әр түрлі қалыңдықты құрайды, шамамен 0,1 – 4 мм-ге дейін. Арқаны, басты, жамбасты, алақан мен табанда қаптап тұрған тері көбірек қалыңдықты қамтиды, шамамен 4 мм, ал қабақ терісі 10 есе жұқа (0,4 мм) болып келеді.

Негізгі үш қабаты ажыратылады:

тері құрылысы
– мүйізді қабат немесе эпидермис;
– өзіндік тері немесе дерма;
– тері асты майлы қабат немесе гиподерма;


Мүйізді қабат немесе тері қыртысы (эпидермис):   Бұл терінің ең беткейлі қабаты. Ол терінің барлық жерін жауып тұрады және жұқа мүйізді жасушалардан тұрады. Терінің бұл қабаты үнемі құрғап, түлеп, түсіп жаңарып отырады. Бұл физиологиялық үрдіс күнделікті бетті жуғанда, сүрткенде болады. Оның ағымы өте баяу, физиологиялық сау адамдарда мүлдем байқалмайды. Жаңа жасушалардың өсуі ішкі және тері қыртысты қабатынан жаңарып отырады.
Өзіндік тері немесе дерма:
Байланыстырушы жұқа және эластикалық талшықтардан тұрады. Ол терінің серпімділік және эластикалық қасиетін атқарады. Осы талшықты құрылысы жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады.
Тері асты майлы қабат немесе гиподерма:
Өзіндік терінің айналасындағы ағзалармен байланыста болады.

© irisgul.wordpress.com

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер