Диабеттің себептері:
1) Тұқым қуалауға бейімділік; егер ата-анасының біреуі қант диабетімен ауыратын болса, онда баласының осы аурумен ауыру мүмкіндігі бар.
2) Семіздік; семіздіктің денсаулыққа қаншалықты қауіп төндіретінін сезіне отырып, онымен барынша күресетін болса, бұл факторды басқаруға болады.
3) Панкреатит, ұйқы безі обыры, басқа ішкі секреция бездерінің аурулары (бета-жасушалар зақымдалғанда).
4) Әр түрлі вирустық инфекциялар; қызамық, желшешек, эндомиялық паротит, тұмау осының барлығы ауруға себепші болатын шаппалы механзм іспестес.
5) Жүйке күйзелісі.
6) Жасы.
Жас ұлғайған сайын, қант диабетіне шалдығу мүмкіндігі арта түседі. Адам әрбір он жас қосқан сайын диабетпен ауыру мүмкіндігі екі есе артады деген пікір бар.
Қант диабетінің алдын алу:
1) Қант диабеті бойынша тұқым қуалаушылық бейімділігі бар балалар қауіп-қатер тобына кіреді, мұндай балалар жылына екі рет қатты тексеруге қан тапсыруы қажет және эндокринологпен кеңесуі тиіс.
2) Қант диабетімен ауырған кезде диета сақтау, қантты төмендететін дәрі-дәрмектер мен инсулинді қолдану, емдеудің маңызды бір бөлігі болып табылады.
3) Жұқпалы аурулардың алдын алу.
© irisgul.wordpress.com