Сондай сенімдердің бірі балаға қатысты. Егер өмірге келген балалары бірінен кейін бірі шетіней берсе келесі баланы біреу сатып алатын болған.
Дүниеге келген баланың үйіне ауылдың шаманы немесе бақсылары келіп «Сен менің баламды ұрлап алдың, өзіме бер!»- деп ата-анасының қарсылығына қарамай алып кететін болған. Ал бірнеше күн өткеннен кейін баланы өз әке-шешесі қайта сатып алады екен. Бірақ ол баланы бақсы есіктен емес, керегенің астынан беруі тиіс. Сонымен бұл бала сатып алынған болып есептеледі-міс. Әрі нәрестенің ғұмыры ұзақ болсын деп жеті кемпірдің аяғынан өткізетін де ырым бар екен. Бұның барлығын халқымыз баланың қамы үшін жасаған. Себебі қазақ үшін әр баланың орны ерекше әрі балалы болуды бақыт санайды.
Дерек көзі: ikerim.kz