Талайға таңдай қақтырып, 7 жасынан өлең жазып, Қазақстанның рекордтар кітабына енген жас ақын Жамбылды білмейтін жандар кемде-кем. Өлеңдерін оқып танысқан жұрттың кейбірі таңғалса, кейбірі тіл-көзден аман болсын деп іштей сүйсінеді. Оның есімі 2010 жылдары елімізде таныла бастады. Оған елге белгілі өнер адамдарының барлығы батасын берді. Сол бала Жамбыл отау иесі жасқа келіп, қалыңдық айттырып жатыр екен. Бұл туралы Instagram желісінде хабарланды.
«Ата-баба дәстүрі бойынша 13 жаста отау иесі болу мақсатында халқымыздың салт дәстүрі мен әдет-ғұрыппен болашақ келінге сырға салды. 30 қарашада өтетін кешінде Жамбылдың келін балаға арналған «Мөлдір моншақ» әні орындалады», делінген хабарламада.
Пікір