Қырғыздың бас киімі Гиннес рекордтарының қатарын толықтырады
08.10.2016, 16:01

Қырғыздың бас киімі Гиннес рекордтарының қатарын толықтырады

Гиннес рекордтар кітабының жетекшелері қырғыздардың ұлттық бас киімін тіркеу туралы өтінімін қабылдаған, деп хабарлайды baq.kz.

Бұл бас киім әлемдегі ең үлкен айыр қалпақ болып отыр. Бұл туралы «Кабар» телеарнасына қалпақты әзірлегендердің бірі Солтобек Эркин хабарлаған.

 Бір топ студент наурыз айында Ұлттық бас киім күніне орай биіктігі 2,7 метр болатын қалпақты дайындап, Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтінім берген.

«Мен сәуірде өтінім бердім. Кеше өтінімнің қабылданғаны және рекордты растау туралы сертификат алуға болатыны жөнніде хат келді. Бұл үшін тоғыз құжат жинау керек. Мысал үшін, видеокөрсетілім, фотосуреттер мен қалпақ туралы жазылған БАҚ материалдары керек»-дейді Солтобек.

Қалпақ таза киізден жасалған. Студенттер енді оны Ұлттық музейге беруді жоспарлап отыр.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер