Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Казахстан, Қазақстан және Казакстан есімді 35 адам бар. Оның 9-ы Ақмола облысында, 8-і Қарағанды облысында, 5-еуі Нұр-Сұлтанда, 3-еуі Қостанай облысында және Шымкент қаласы мен Алматы, Маңғыстау облыстарында 2 адамнан тұрады. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – 1 адамнан.
Сондай-ақ Егемен есімді 6 адам бар. Олар Алматы қаласында, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында 1 адамнан тұрады.
Тәуелсіздік есімді бір адам бар, ол – Қарағанды облысының тұрғыны.
Елбасы есімді – 65, ал Қасым-Жомарт есімді 2 адам бар.