Швед ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі MedicalXpress-те жарияланды.
Зерттеуге 45-83 жас аралығындағы 61 мың швед азаматы қатысқан. Зерттеу басталмас бұрын қатысушы өзінің тұтынатын тағамдары мен күн тәртібі жайлы айтқан. Бұдан кейін еріктілердің жүрек-қан тамырлары жүйесі 17 жыл бойы бақылауда болған. Егер адам бұл уақытқа жетпей көз жұмса, ғалымдар олардың өлімінің себебін анықтаған.
Осы арқылы ғалымдар ас ішу уақыты, рацион, зиянды әдеттер мен тағы басқа факторлардың өмір ұзақтығына қаншалықты әсер ететінін анықтап отырған.
Бақылау барысында 4983 адам жүрек талмасына ұшыраған. Оның 917-сі көз жұмған. 3160 жағдайда жүрек жеткіліксіздігі, 7550 жағдайда жүрек алды фибрилляциясы, 972 жағдайда қолқа қақпақшасы, 983 жағдайда құрсақ қолқасы аневризмасы, 3782 жағдайда бас миының инсульті және 543-інде ми ішілік қан құйылу тіркелген.
Ақырында жүрек талмасы, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек алды фибриляциясы, құрсақ қорқасы ановризмасы сынды ауруларды жаңғақтың көмегімен алдын алуға болатыны анықталды. Жаңғақты тұтыну мөлшері адамның жынысы мен жасына байланысты. Бірақ орта есеппен, айына бір-үш «порция» жаңғақ тұтынсаңыз, ол аритмияға шалдығу қаупін 3 пайызға, аптасына 1-2 «порция» – 12 пайызға, аптасына 3 не одан көп «порция» – 18 пайызға төмендетеді екен.