Ғалымдар кофеин мен жүрек ырғағының бұзылуы арасындағы байланысты іздестіру бойынша зерттеудің нәтижелерін талдады.
228 465 адам қатысқан ғылыми жұмыстардың біреуі кофені тұтынған кезде жүрекше бүркілдеуінің (фибрилляция ) қаупі азайғанын көрсетті. Ал 115 993 науқас қатысқан тағы бір зерттеу фибрилляция жиілігінің 13 пайызға төмендегенін дәлелдеді.
Сарапшылардың пікірінше, кофенің зиянды екенін көрсететін бірнеше оқиға ғана бар.
Кофеин жүйке жүйесінің ынталандырушысы болып табылады және жүрек алды фибрилляцияға ықпал ететін аденозиннің әрекетін тоқтатады.
Сонымен қатар, күніне 500 мг-ға тең кофеин дозасы жүрек алды қарыншаққа әсер етпейді. Ал миокард инфарктісіне шалдыққан науқастарға күніне орта есеппен 353 миллиграмнан астам кофеин берген кезде, оладың жүрек соғу нормасы қалыпты болды.
Қарыншақ ауытқу қаупі 9-10 кесе кофе ішкен адамдарда ғана өседі. Жалпы алғанда, күнделікті қауіпсіз мөлшер 300 миллиграмды құрайды, бірақ кейбір адамдар оған сезімтал болуы мүмкін.