Оқиға Наманған облысы Папский ауданында жексенбіден дүйсенбіге ауған түні болды. Екі ер адам оқиға болған жерде қайтыс болды. Ал үйдің иесіне алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Ер адам сол жерде есін жимастан көз жұмды.
Жергілікті тұрғын шұңқырға телефонын түсіріп алып, кейін оны алу үшін көршісін көмекке шақырған. Шұңқырға түскен соң ер адам есінен танып құлайды. Артынша сол шұңқырға көршісі мен тұрғынның әкесі түседі. Олар да газдан уланып талып қалады. Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Тұрғынның әкесіне алғашқы көмек көрсетілгенімен, ол да ауруханада қайтыс болды.
Өзбекстан ІІМ оқиғаға iPhone смартфонының дәретханаға түсіп кетуі себеп болғанын хабарлады.
Дереккөз: КТК