"Арнаның үлкен өзгерісі – "Түнгі студия" бағдарламасы. Бұл бағдарламаның енді жүргізушісі өзгереді. Тек жүргізушісін өзгерткен жоқпыз, бағдарламаның форматы да өзгерді", – деді "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көктемгі маусымның таныстырылымында.
Көпшілікке ұнаған бағдарламаны енді танымал актер Қайрат Әділгерей жүргізеді.
Ұлттық арна белгілі бағдарламаны кім жүргізетіні құпия ұстап, жұртшылықты қызықтырып қойған еді.